29.06.2010, 17:02 3362

Кедейшілік пен төзімділіктің болмауы Қырғызстанды қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды

"Орын алған барлық оқиғалардың негізі (Қырғызстандағы) елдің тәуелсіздік алғаннан бері кедейшіліктен көз ашпауы және төзімділіктің болмауы",- деді Н. Назарбаев.

Астан. 29-маусым. Kazakhstan Today Кедейшілік пен төзімділіктің болмауы Қырғызстанды қайғылы оқиғаға әкеп соқтырды. Бұл туралы бүгін төзімділік пен кемсітпеушілік жөніндегі жоғарғы деңгейдегі ЕҚжЫҰ-ы конференциясы барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі.

"Орын алған барлық оқиғалардың негізі (Қырғызстандағы) елдің тәуелсіздік алғаннан бері кедейшіліктен көз ашпауы және төзімділіктің болмауы",- деді Н. Назарбаев.

Елбасы сондай-ақ, "азаматтық қоғамның нашарлығы, өткеннің түйіні шешілмеген проблемалары, этникалық құрамның күрделілігі, оларды реттеудегі тәжірибенің жетіспеушілігі осының бәрі ЕҚжЫҰ Еуразия бөлігіндегі төзімділік мәселесін аса өзекті етіп отыр", деп атап өтті.

Президенттің айтуынша, ЕҚжЫҰ Еуразия бөлігіндегі осы айтылған кемшіліктерді "арты қайғылы жағдайларға әкеп соқтырған Қырғызстандағы оқиғалардан нақты көреміз".

"Біз Қырғызстанда өткен референдум елде тұрақтылық негізін орнатып, халықтың Қырғызстан азаматтарының өмірлері тыныш болып, өрге басады деген сенімін ақтайды деп үміттенеміз",- деп атап өтті Н. Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны