11.05.2012, 11:49 3201

Кеден органдарында декларациядан өтпеген, заңсыз, жасырын түрде алып өткізбек болған техникалық тауарлар тәркіленді

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2012 жылдың 10 мамырында экономикалық контрабанда бойынша 2 факт анықталып, тауарлардың Қытай елінен әкелінгендігі белгілі болды.

Алматы. 11-мамыр. Kazakhstan Today - Кеден органдарында декларациядан өтпеген, заңсыз, жасырын түрде алып өткізбек болған техникалық тауарлар тәркіленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті 2012 жылдың 10 мамырында экономикалық контрабанда бойынша 2 факт анықталып, тауарлардың Қытай елінен әкелінгендігі белгілі болды.

Кеден қызметкерлері тексеру амалдарын жүргізу барысында кеден органында декларациядан өтпеген, заңсыз жасырын түрде алып өткізбек болған техникалық тауарлар екен. Онда DVD, автокөліктерге арналған сигнализация, қол сағаттары, мопедтер секілді халық кеңінен тұтынатын тауарлар. Тексеру амалдары барысында осы кеден органында декларациядан өтпеген тауарлардың кедендік төлемі мен салықтары 56 271 720 теңгені құраған.

Артынша ізін суытпай екінші факті бойынша тексеру амалдарын жүргізу кезінде, ондағы тауарлардың ішінде люстра, автомагнитолла, автокөліктерге арналған сигнализация, сағаттар секілді тауарлар тәркіленген.

Тексеру амалдары барысында контрабандалық жолмен әкелінген, кеден органында декларациядан өтпеген тауарлардың кедендік төлемі мен салықтары саны 13 368 891 теңгені құраған.

Сайып айтқанда Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері декларациядан өткізілмеген, жалпы 69 640 611 теңге құнын құрайтын Республика бюджетіне түспеген кедендік төлемдер мен салықтарды әшкерлеп отыр.

Бүгінде Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті аталған факті бойынша ҚРҚК нің 209 бабының 2 тармағына сәкес қылмыстық іс қозғамақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны