26.04.2013, 09:28 3158

Кедендік одақ елдеріне шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 30-40%-ға артты

Кедендік Одақты (КО) құрған сәттен бастап үшінші елдерден тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 30-40%-ға артқан, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған ХІ Еуразия медиа форумның отырысында.

Астана. 26-сәуір. Kazakhstan Today - Кедендік одақ елдеріне шетелдік тікелей инвестициялар ағымы 30-40%-ға артты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Кедендік Одақты (КО) құрған сәттен бастап үшінші елдерден тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 30-40%-ға артқан, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Келімбетов еуразиялық ықпалдастық мәселелеріне арналған ХІ Еуразия медиа форумның отырысында.

"КО аясында үшінші елдерден шетелдік тікелей инвестициялар ағымы артты. Осы жылдарға орта есеппен алғанда шамамен 30-40% . Бұл инвесторлардың үлкен нарықты көргенімен байланысты жағдай", - деді Қ.Келімбетов.

Вице-премьердің мәліметінше, КО құрған сәттен бастап Қазақстанда 3 мыңнан астам Ресей кәсіпорны құрылған.

"Расымен де, кәсіпорындардың бір бөлігі Қазақстанда бар салық режимін жақтайды, бірақ Қазақстанда Ресей салық төлеушілерінің жаппай көші-қоны бар дегенге тікелей дәлелдер жоқ", - деп түсіндірді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, бизнеске арнайы құрылған төменгі салықтық режим қазақстандық экономиканың негізгі сәттерінің бірі болып табылады. "Салықтық түсімді біз шикізаттық сектордан жинаймыз, ал өңдеуші секторға осы мүмкіндіктерді ұсынамыз", - деп толықтырды Қ.Келімбетов.

Сонымен қатар, талқылау қатысушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, вице-премьер Қазақстандағы Ресей бизнесінің экспансиясы туралы сөздер ешқандай негізге сүйебегенін басып айтты.

"Баспасөзде Қазақстандағы Ресей бизнесінің экспансиясы туралы сөздер өте көп. Мысалға, Сбербанк банк секторында басымдыққа ие деген сөздер. Мен Ресейдің екі банкінің "Сбербанка" пен "ВТБ" активтерінің 6%-дан аспайтынын айта аламын. Бұл экспансия ма? Меніңше, жоқ. Сондықтан, біз Ресейден жаңа ірі және шағын жоғары технологиялы кәсіпорындарды күтеміз", - деп өз ойымен бөлісті Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Еуразия медиа форумының алаңындағы талқылау барысында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны