01.11.2016, 16:32 4686

Кейкі батыр аруланып, мемлекеттік деӊгейде салтанатты түрде жерленеді

Батырдыӊ аты мен ерлігін барынша дәріптеп, оныӊ денесін салт-дәстүрімізбен арулап жерлеу қабырғалы халық, іргелі ел екендігіміздіӊ көрінісі. Сондықтан, Иманғали Тасмағамбетов Кейкі батырдыӊ мүрдесін жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын құру маӊызды екенін атады.

Астана. 1 қараша. Kazakhstan Today - Бүгін, 1 қараша күні ҚР Премьер-Министрініӊ орынбасары Иманғали Тасмағамбетов 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісініӊ батыры - Кейкі батырдыӊ сүйегін жерлеу мәселелері жөнінде кезекті жұмыс кеӊесін өткізді.

Халық аузында Кейкі батыр атымен танымал Нұрмағанбет Көкембайұлы - 1916 жылғы Ресей патшалығыныӊ қазақтан әскерге адам алу туралы жарлығына қарсы көтерілген Торғай қазақтары көсемдерініӊ бірі. Ол көтерілісшілердіӊ негізгі қарулы күші - мергендер жасағын басқарған.

Бұл ретте, вице-премьер тұтас бір ұлттыӊ намысын арқалаған ақберен қолбасшы Кейкі батырдыӊ бас сүйегініӊ елге қайтарылуы елдігіміз бен ерлігімізді паш еткен игілікті іс екенін баса айтты.Батырдыӊ аты мен ерлігін барынша дәріптеп, оныӊ денесін салт-дәстүрімізбен арулап жерлеу қабырғалы халық, іргелі ел екендігіміздіӊ көрінісі. Сондықтан, Иманғали Тасмағамбетов Кейкі батырдыӊ мүрдесін жерлеу рәсімін ұйымдастыру жөніндегі нақты іс-қимыл жоспарын құру маӊызды екенін атады.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Премьер-министрініӊ орынбасары құзырлы органдарға Қостанай облысыныӊ аумағында батыр бабамыздыӊ мүрдесі жерленген орынды табу мақсатында археологиялық зерттеулер жүргізу үшін рұқсат қағазын рәсімдеуді тапсырған еді.

Қазіргі уақытта Мәдениет және спорт министрлігі Венгрияныӊ Жаратылыстану ғылымдары музейініӊ мамандарымен бірлесіп Кейкі батырдыӊ бас сүйегіне антропологиялық сараптама жасауда. Оныӊ аясында батырдыӊ келбеті қалпына келтіріліп, заманауи технологияны қолдану арқылы ДНК сараптамасы жүргізіледі.

"Біз бүгін тағы да бас қосып, қазақтыӊ көзмерген батыры Кейкі батырдыӊ денесі көмілген орынды іздеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру үшін археологтар мен ғылыми қызметкерлер тобын құру мәселесін талқылап отырмыз. Тарихи тұлғаларымыздыӊ атын дәріптеу және олардыӊ мұрасын сақтау еліміздіӊ абырой-беделін арттырып, ұлттық рухымызды өсіреді. Бұл ретте, алда жоспарланған іс-шараларды мұқият пысықтап, осынау тарихи маӊызы зор келелі іске бір кісідей жұмыла кірісуіміз керек" - деді Иманғали Тасмағамбетов.

Ирине, толыққанды әрі сапалы зерттеу жүргізу үшін біршама уақыт керек. Сондықтан, шығармашылық зиялы қауым өкілдері, тарихшы ғалымдар және батыр ұрпақтарыныӊ пікірін ескере келе, батырдыӊ денесі көмілген орынды іздестіру, оны анықтау және жерлеу рәсіміне дайындықты келесі жылғы жаздыӊ соӊына дейін жүргізу қажет деп шешілді.

"Еліміздіӊ зиялы қауым өкілдерінен құралған комиссияныӊ шешімі - Кейкі батырдыӊ бас сүйегін арулап қоюды асықпай жасау. Еӊ бастысы елімізге батырдыӊ бас сүйегі келді. Бұл егемендігіміздіӊ, еліміздіӊ, Елбасыныӊ беделініӊ арқасында орындалды. Мұны халық түсініп отыр. Ал енді қою мәселесі қыстыӊ көзі қырауда, апарып жай көме салатын бас емес, ол халық батыры. Елдіӊ батыры, сол себепті арулап, тиісті мемлекеттік деӊгейде жерлеу осы комиссияда шешілді" - деді кеӊес отырысында сөз алған ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаты Серік Ақылбай.

Кейкі батырдыӊ бас сүйегін елге әкелу және оны зерттеу жұмыстарыныӊ басы-қасында жүрген ҚР Орталық мемлекеттік музейініӊ директоры Нұрсан Илімбай да бұл шешімді қолдайтындығын атады. "Бүгінгі шешімді қабылдаған еліміздіӊ көрнекті азаматтары. Бұл шешімге мен толықтай қосыламын. Расында да келер жылы күз айында жерленгені дұрыс болады. Өйткені, оған дейін міндетті түрде көптеген мәселелер атқарылуы тиіс" - деп атап өтті Нұрсан Илімбай.

Кеӊес барысында Иманғали Тасмағамбетов Мәдениет және спорт министрлігіне Қостанай облысыныӊ әкімдігімен бірлесіп Кейкі батырдыӊ кесенесін жобалау және одан әрі құрылысын жүргізу үшін қажетті барлық шараларды қабылдау жөнінде тапсырма берді.

Кеӊесті қорытындылай келе, вице-премьер халқымыздыӊ рухы мен мәртебесін көтеру тұрғысында осынау жобаныӊ тарихи маӊызына ерекше тоқталып, оны жүзеге асыру үшін құзырлы мекемелер және қоғам өкілдерімен бірлесіп іс-қимыл жасауға дайын екенін мәлімдеді.

Еске сала кетсек, 6 қазан күні Кейкі батырдыӊ бас сүйегі Ресейден Қазақстанға жеткізілді. Ол 93 жыл бойы Санкт-Петербург қаласындағы Кунсткамерада сақталып келді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны