21.07.2014, 20:19 2777

"Кеңес орталығында" I жартыжылдықта 6 мыңнан астам адамға кеңес берілді

"Кеңес орталығында" I жартыжылдықта 6 мыңнан астам адамға кеңес берілді

Алматы. 21 шілде. Kazakhstan today. "Жастар-Отанға!" жобасы аясында 2014 жылдың I жартыжылдығында ірі облыс орталықтарының базарларында орналасқан "Кеңес орталығының" барлық кеңес беру орындарында 6333 адамға кеңес берілді, - деп хабарлайды "Нұр Отан" партиясының ресми ғаламтор-ресурсы.

Орталықтың жұмыс кестесіне сәйкес, Жұмыспен қамту орталықтарының мамандары 1379 адамға, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері - 246, салық басқармасы қызметкерлері - 286, "Тұрғынүйжинақбанкі" мамандары мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы - 1299, кәсіпкерлікті қолдау басқармасы мен "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры қызметкерлері - 659, құқықтық қорғау органдары өкілдері - 379, психологтар мен заңгерлер - 889, жастар ұйымдары мен жастар саясаты жөніндегі басқарма өкілдері - 645, барлық деңгейдегі мәслихаттардың депутаттары 645 адамға кеңес берген.

Жастардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында базарларда 108 спорттық шара ұйымдастырылып, футбол, волейбол, үстел теннисінен турнирлер өтті.

Сондай-ақ консалтинг-орталықтардың жанынан флюрографияден өту, қандағы қант құрамын, қан қысымын тексеру секілді тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылды. Кардиолог, окулист, лор-дәрігер мен терапевт мамандар қабылдау жүргізді.

Осылайша, барлығы 127 рет тегін медициналық тексерулер ұйымдастырылған болса, онда 1735 адамға қызмет көрсетілді.

Жоба шеңберінде сондай-ақ "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры, консалтингтік компаниялар өкілдері мен тәуелсіз бизнесмендердің қатысуымен семинарлар мен тренингтер өткізілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны