22.09.2023, 16:18 20551

Үкіметте ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы өзекті мәселелері мен Интеграцияның стратегиялық бағыттары талқыланды

Үкіметте ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы өзекті мәселелері мен Интеграцияның стратегиялық бағыттары талқыланды
Сурет: primeminister.kz
Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин ЕЭК-тің Сауда жөніндегі алқа мүшесі – министр Андрей Слепневпен кездесті, деп хабарлайды ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында тараптар ЕАЭО-ның сауда-саттық саласындағы бірқатар маңызды мәселесін, оның ішінде Еуразиялық экономикалық интеграцияны дамытудың 2025 жылға дейінгі стратегиялық бағыттарының жекелеген тармақтарын жан-жақты талқылады.

Сонымен қатар Иранмен еркін сауда аймағы туралы келісім бойынша келіссөздер барысы, Еуразиялық одақ елдерінің периметрі бойынша электрондық сауданы дамыту мәселелері мен басқа да сұрақтар қаралды.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны