09.07.2007, 14:09 2793

Қырғыз -қазақ шекарасында 100 тоннадан астам контрабандалық цемент ұсталды

БІШКЕК. 9-шілде. Kazakhstan Today. Қырғыз -қазақ шекарасында 105 тонна контрабандалық цемент тиелген үш "КамАЗ" ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Қырғызстанның ІІМ-іне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұстау шарасын ІІМ-нің лауазымдық қылмыстармен күрес жөніндегі бас басқармасы мен Чу облыстық мемлекеттік автоинспекциясы бөлімінің қызметкерлері берлесіп "Тұзақ" атты шара барысында жүзеге асырған. Қазақстанға бет алған барлық үш автокөлік те Қырғызстанның Чу облысы Кен-Булун ауылында тоқтатылған. Жүргізушілерде жүктің құжаттары болмай шыққан. "КамАЗ" көліктерінің номерлері қолдан жасалған жалған номерлер болған, қазақстандық номерлердің үстінен қырғызстанның номерлері скотчпен жапсырылыпты. Ал артқы номерлерін контрабандистер балшықпен бояп тастаған.

Контрабандалық цемент құны 500 мың сомға ( $13 мың ) бағаланды. Бұл дерек бойынша тексеру жүргізіліп жатыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны