28.03.2011, 15:18 3986

Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіленді

ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - ҚР ҰҚК шекара қызметінің қызметкерлері Қырғызстан азаматынан бір килограмнан астам героин тәркіледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Қырғызстан азаматы "Бішкек-Новосібір" пойызында ірі партия героинмен құрықталған.

Есірткі тасымалдаушыны 26 наурыз күні ҰҚК шекара қызметінің "Солтүстік" аймақтық басқармасының "Ауыл теміржол" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары ұстады. Есірткі салынған жасырын қалта жолаушының жеміс-жидектер салынған жеке сөмкесінен табылды. Тәркіленген героиннің салмағы 1 келі 600 грамды құрады. Қазіргі күні аталмыш факті бойынша анықтау жұмыстары жүргізілуде.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың басынан бері қазақстандық шекарашылар жалпы салмағы 65 келі болатын есірткі тасымалдаудың 25 оқиғасына тоқсауыл болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны