12.09.2007, 16:36 2918

Қырғызстанда Қазақстанға есірткі тасымалдайтын үлкен арна жабылды

Қырғызстанда Қазақстанға есірткі тасымалдайтын үлкен арна жабылды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 12 қыркүйек. БІШКЕК. Қырғызстанда Қазақстан мен Ресейге Тәжікстаннан есірткі тасымалдайтын үлкен арна жабылды, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі Қырғыстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Қырғызстанның құқық қорғау органдарының қызметкерлері жақын шетелдерге, атап айтқанда Қазақстан мен Ресейге ұзақ уақыттан бері есірткі заттарының үлкен көлемін тасымалдаумен айналысып келе жатқан ұйымдасқан қылмыстық топ туралы ақпарат алады.

Канттағы іс-шара нәтіижесінде ішінде екі жігіт бар "Фольксваген-Гольф" маркалы көлік құрықталған. "Көлікті тінту барысында жалпы салмағы 6 кг болатын шикі апиын салынған екі полиэтилен дорба табылып, тәркіленген",- деп хабарлады полицейлер.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Канттағы тұратын жері мен гаражыны тінту барысында жалпы салмағы 9 кг болатын осы тектес есірткі заты тәркіленген. "Тәркіленген есіртік заттарының, апиынның жалпы салмағы - 15 кг, героин - 400 грамды құрап отыр",- деп нақтылап өтті Қырғызстан Республикасының Ішкі істер министрлігінен.

Сату мақсатында өте ірі көлемде есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны