21.09.2007, 16:32 2928

Қырғызстанның арнаулы қызметтері алғаш рет сұйық героиннің ірі партиясын тәркіледі

Қырғызстанның арнаулы қызметтері алғаш рет сұйық героиннің ірі партиясын тәркіледі.

Бішкек. 21 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері алғаш рет сұйық героиннің ірі партиясын тәркіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі комитеттің баспасөз орталығына сілтеме жасап.

"Ауғанстанда шығарылған есірткіні Қырғызстаннан ТМД елдеріне жеткізетін халықаралық арнаны әшкерелеу үшін ұзақ уақыт бойы оперативтік шараларды жүзеге асырудың нәтижесі бұл", - дейді Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз орталығының қызметкерлері.

Арнаулы шара "Чалдовар автодорожный" кеден бекетінде жүзеге асырылған. Құқық қорғаушылар Ош - Красноярск бағытында қатынайтын автобусты тексеріп жатқан. Нәтижесінде, мотор майын құюға арналған ыдыстан жалпы салмағы 10,253 кг болатын сірке қышқылы секілді өзгеше иісі бар сұйықтық шыққан. Шұғыл талдау нәтижесі ыдыстағы заттың героин екенін көрсетті. Бұл деректі бұдан кейінгі сот-химиялық сараптама да растады.

Бұл дерек бойынша Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғап, ұстталғандар тергеу абақтысына тоғытылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны