25.06.2015, 14:11 3392

Қыркүйектен бастап Байқоӊырдағы 6 мектеп пен 1 балабақша қазақстандық стандартқа көшеді

2015 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Байқоӊыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанныӊ мемлекеттік стандарты бойынша оқытуға көшеді.

Астана. 25 Маусым. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Байқоӊыр қаласындағы 6 мектеп пен 1 балабақша Қазақстанныӊ мемлекеттік стандарты бойынша оқытуға көшеді. Бұл туралы бүгін Парламент Сенатында "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Ресей Федерациясыныӊ Үкіметі арасындағы Байқоӊыр қаласыныӊ білім беру ұйымдарын беру туралы келісімді ратификациялау туралы" заӊ жобасын таныстыра отырып, Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Аталмыш келісімге сәйкес, Ресей Федерациясыныӊ юрисдикциясында болған 6 мектеп пен 1 балабақша 2015 жылдыӊ 1 қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасыныӊ юрисдикциясына беріледі",-деп хабарлады Білім министрі, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Заӊ жобасында білім беру ұйымдарыныӊ техникалық және пайдалану құжаттамасына сәйкес, олардыӊ іс-жүзіндегі жай-күйіне қарай білім беру ұйымдарын, Ресей Федерациясы қаражатыныӊ есебінен сатып алынған, Байқоӊыр қаласыныӊ Ресей Федерациясы Мүліктік және жер қатынастары жөніндегі басқармасында тіркелген және білім беру ұйымдарыныӊ басқаруындағы мүлікті Қазақстан Республикасыныӊ меншігіне қабылдау-беру белгіленеді.

"Коммуналдық қызметтердіӊ ақысын қоса алғанда, білім беру ұйымдарын қаржыландыру Қызылорда облысыныӊ бюджетіне Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджеттен трансферттер аудару арқылы жүзеге асырылады",-деп толықтырды министр.

Айта кетейік, 2014 жылдыӊ соӊында Қазақстан Республикасыныӊ Білім министрлігі Ресей Федерациясыныӊ Білім министрлігімен ұзақ келіссөздер жүргізе келе, Байқоӊыр қаласындағы алты мектеп пен бір балабақшаныӊ білім беру стандартын қазақстандық стандартқа ауыстыру туралы құжатқа қол қойған болатын. Ал, бүгін Сенат депутаттары білім беру ұйымдарын Қазақстанға беру туралы заӊ жобасын бірауыздан қолдап, қабылдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны