08.05.2015, 10:50 3922

Қытай Халық Республикасыныӊ төрағасы Си Цзиньпинніӊ Қазақстанға ресми сапары аясында келіссөздер өтті

Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екі жақты және көпжақты ынтымақтастықтыӊ маӊызды мәселелерін талқылады, соныӊ ішінде аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтыӊ нығаюына, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастыӊ дамуына айрықша көӊіл бөлінді

Астана. 08 Мамыр. Kazakhstan Today - Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екі жақты және көпжақты ынтымақтастықтыӊ маӊызды мәселелерін талқылады, соныӊ ішінде аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтыӊ нығаюына, сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастыӊ дамуына айрықша көӊіл бөлінді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттарға да тоқталды. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметінен хабарлады.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Біріккен Ұлттар ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық ұйымдар мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен үйлестірудіӊ басты бағыттарын сөз етті.

Қазақстан Президенті Қытай төрағасыныӊ еліміздегі президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген бірінші шетелдік мемлекеттіӊ көшбасшысы болып отырғанына назар аударды.

- Осы арқылы Сіз біздіӊ қарым-қатынастарымыздыӊ жоғары мәртебесі мен айрықша маӊызын айшықтай түсесіз. Сіз мені телефон арқылы құттықтадыӊыз, жеделхат жолдадыӊыз, енді, міне, келіссөздер өткізуге келдіӊіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен тату көршілік қарым-қатынасты жалғастыру Қазақстанныӊ сыртқы саясатыныӊ басымдығы болып саналатынын айтты.

- Өзара іс-қимыл жасаған жылдары біз екіжақты ынтымақтастықты сапалы түрде трансформациялай алдық. Біз Қытай Халық Республикасымен ықпалдастықты тәуелсіздік жариялаған алғашқы күндерден бастадық. Содан бері үлкен жолды артқа тастап, тату көршіге айналдық, экономикалық, саяси тұрғыдан сенімді дос әрі сындарлы серіктес болдық. Бізде қарым-қатынастарымызды елдеріміздіӊ мүддесі үшін әрі қарай дамытуға қажетті жағдайдыӊ бар екеніне сенімдімін, - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі елдіӊ де жоспары мен нақты белгілеген жұмыстары бар екенін, ол Қазақстан-Қытай қатынастарын мүлде жаӊа деӊгейге шығаратынын атап өтті. Соған орай, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасына, сондай-ақ Қытай басшылығына серіктестікті дамытудағы қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Си Цзиньпинніӊ биылғы 2-3 қыркүйекте Қытайға сапармен келу және Бейжіӊде өтетін Жеӊістіӊ 70 жылдық мерейтойына қатысу жөніндегі шақыруын ризашылықпен қабыл алды.

ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

- Қазақстан халқы Сіздіӊ басшылығыӊызбен ұйыса түсіп, мемлекет құрылысы мен ұлттық жаӊғыру ісінде жаӊа, жарқын табыстарға жету үшін бірлесе күш-жігер жұмсайтынына сенімдімін, - деді Си Цзиньпин.

Қытай төрағасы Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігі соӊғы жылдары қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты.

- Біздіӊ елдеріміз өӊірдіӊ дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісінде маӊызды, сындарлы күшке айналды. Қытай тарапы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға зор мән береді. Біз Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, өзара мүдделілік бар негізгі мәселелер бойынша өзара қолдауды күшейту үшін бар күшімізді жұмылдыруға дайынбыз. Қытай қауіпсіздік саласындағы, экономикалық, гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық аясын жан-жақты кеӊейтуге, сондай-ақ халықтарымыздыӊ игілігі үшін өӊірлік және халықаралық істердегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмысын күшейтуге ниетті, - деді Си Цзиньпин.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны