05.06.2015, 15:15 4594

Қытай танкшілері бірлесіп жаттығу үшін Қазақстанға келді

"Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне Қытай Халық-Азаттық Армиясыныӊ танкшілері келді

Астана. 05 Маусым. Kazakhstan Today - "Шығыс" өӊірлік қолбасшылығына қарасты Аягөз қаласындағы 10810 әскери бөліміне Қытай Халық-Азаттық Армиясыныӊ танкшілері келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қытай Халық Республикасынан келген делегацияны әуеайлақта Аягөз гарнизоныныӊ әскери бөлім командирлері мен мекеме басшылары қарсы алды. Меймандар Ресей Федерациясыныӊ "Алабино" полигонында өтетін танк биатлонынан әлем чемпионатына бірлескен даярлық бағдарламасымен танысты. Осыдан кейін Қытай армиясыныӊ өкілдері жақында танк биатлонынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініӊ чемпионаты өткен "Майлино" трассасын көрді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Аспан асты елініӊ әскери қызметшілері шамамен бір апта қазақстандық әріптестерімен бірге жаттығатынын атап өткен жөн.

Естеріӊізге сала кетсек, жуырда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерініӊ үздік экипаждары мен жарыстыӊ әлемдік кезеӊіне қатысушылар анықталған болатын. Бұл жарыс екі күн бойы өтті. Экипаждар екі кезеӊде - жеке сайыс және эстафета бойынша бәйгеге түсті.

Танк биатлоны - әлемніӊ түрлі елдері арасындағы танкті жүгізу және танкке орнатылған негізгі және қосымша қарудан дәл ату шеберлігін көрсету бойынша экипаждар арасындағы жарыс. Тұӊғыш рет танк биатлоны бойынша халықаралық жарыс 2013 жылы Мәскеу маӊындағы Алабино полигонында өтті. Сол кезеӊнен бастап қазақстандық әскери қызметшілерден құралған команда жыл сайын үздік үштіктер қатарынан көрініп келеді және биыл олар өз жетістіктерін жетілдіруді жоспарлап отыр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны