29.06.2011, 15:26 3631

Қызды зорлаған 22 жасар Астана тұрғыны ұсталды

Кейін белгілі болғандай, ұсталған қылмыскер зардап шегушінің көршісі екен.

Астана. 29 маусым. Kazakhstan Today - Астанада кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін бұрын сотталған Астана тұрғыны қолға түсті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТАГ агенттігі хабарлағандай, ІІМ ақпарат және мемлекеттік тіл департаменті бастығының орынбасары Қаламқас Темірованың мәліметтеріне сүйенсек, "Астана полициясына өзінің 6 жасар қызын зорлап кеткені туралы баланың анасы шағым түсірді. Сол күні оперативтік іздестіру шаралары барысында өз үйіне қыз баланы алдап кіргізіп алып, зорлаған Кирпичный кентінің 22 жасар бұрын сотталып шыққан азаматы қолға түсті", - деді ол сәрсенбі күні брифингте.

Кейін белгілі болғандай, ұсталған қылмыскер зардап шегушінің көршісі екен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны