31.03.2010, 13:00 3429

Қызылағаш ауылын су алу ісі бойынша Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды - ІІМ

Қызылағаш ауылын су алу ісі бойынша Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары ұсталды - ІІМ

Астана. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылағаш ауылын су алу ісі бойынша Алматы облысының Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаев ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

" Ақсу ауданының Қызылағаш ауылында адамдардың өліміне әкеп соққан төтенше жағдай бойынша қылмыстық істі тексеру одан әрі жалғасуда. Бірқатар сараптамалар тағайындалған, Ақсу ауданы әкімінің орынбасары Берік Тынышбаевты жауапкершілікке тарту мәселесі шешілуде", - деді Қ. Жұманов.

Оның айтуынша, Б. Тынышбаев "кеше ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны