25.08.2010, 16:05 3942

Қызылағаштағы бөгеннің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жіберілді - газет

Қызылағаштағы бөгеннің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жіберілді - газет

Алматы. 25-тамыз. Kazakhstan Today - Қызылағаштағы бөгеннің бұзылу дерегіне қатысты қылмыстық іс әскери сотқа жіберілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "Экспресс К" газетіне сілтеме жасай отырып.

"Тергеу тобына Алматы облысының ІІД қызметкерлері, ІІМ тергеу комитетінің және әскери-тергеу басқармасының өкілдері кірген. Тергеуге алынғандардың ішінде облыстық ТЖД қызметкері полковник Енин болғандықтан, ал статусы бойынша әскери қызметкерге жатады, сондықтан да барлық айыпталушалырға қатысты қылмыстық істі әскери сот қарайтын болады",- деп хабарлады ІІД тергеу басқармасының бастығы Ғазиз Нұртаев.

Алматы облысы прокуратурасының хабарлауынша, тергеу барысында 705 адам зардап шеккен деп танылды, олардың 9 заңды тұлғалар. Материалдық шығынның көлемі 9 млрд теңгеден асып жығылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны