20.11.2018, 14:44 59105

Қызылорда Қазақ АКСР-ныӊ алғашқы астанасы болғаны жайлы

1925 жылдыӊ 15 сәуірінде, Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еӊбекшілері өкілдерініӊ басын қосқан Қазақ АССР Кеӊестерініӊ Ү съезі салтанатпен ашылды. Ү съезд "бұдан былайғы жерде "киргиз" деген атау "қазақ" деп аталсын" деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд "Киргиз Республикасын "Қазақ Республикасы" деп атауға, ал оныӊ астанасы, Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы қабылдады.

Қызылорда. 20 қараша. Kazakhstan Today - Қазақ халқыныӊ егемендік алуымен қатар еліміздіӊ рухани өміріне жаӊаша өзгерістер ене бастады. Халыққа білім беру, ғылым мен мәдениеттіӊ дамуы кеӊінен жолға шықты. Кеӊестік жүйе орнатқан партиялық идеологиялық саяси қағидаларынан арылды.

"Біздіӊ мақсатымыз - ғылымды жаӊадан жасап, оны еш нәрсеге жарамай қалған, ескірген идеялардан тазартуға тиіспіз. Исіресе, мұны қоғамдық ғылымдар саласына қолдануымыз керек",- деп жазады елбасымыз Н.И.Назарбаев. Міне осыған байланысты халқымыздыӊ жүріп өткен жолын жаӊаша көзқараспен жазуға және қазақ тарихындағы "ақтаӊдақтардыӊ" орнын толтыруды қажет етеді. Отан тарихында әлі-де үстірт қарастырылған, тарихи тұрғыдан өз бағасын алмаған мәселелер аз емес. Соныӊ бірі 1925 жылы, Ақмешіт қаласыныӊ Қазақ АКСР-ныӊ астанасы болуы. Қазақстан астанасын Орынбордан, Ақмешітке көшіруде Мәскеулік билік өзара байланысты бірнеше маӊызды мақсаттарды көздейді. Біріншіден, Қазақстан территориясын толық біріктіріп, оныӊ шекарасын белгілеу. Екіншіден, тұӊғыш қазақ атын енгізіп, Қызылорданы Қазақ АКСР-ніӊ астанасы ету. Үшіншіден, Қазақстанда халық шаруашылығын өркендету.

1920 жылдыӊ 26 тамызындағы Ресей Кеӊестік Федеративтік Социалистік республикасыныӊ Халық Комиссарлар Кеӊесініӊ Қырғыз (Қазақ) АССР құру жөніндегі қазақ ұлттық мемлекеттілігін заӊ түрінде бекіткен декреті шыққанымен Жетісу және Сырдария облыстары Қазақстан құрамында емес, Орта Азия территориясындағы халықтарды қамтитын Түркістан Республикасыныӊ құрамында болды.

1924 жылы Орта Азияда ұлттық мемлекеттік шекараларды белгілеу нәтижесінде Өзбекстан, Түрікменстан республикалары, Қырғыз, Тәжік автономды облыстары кұрылғаны белгілі. Осы шара негізінде Түркістан республикасы құрамына кіретін қазақтар Қазақ автономды республикасына қосылып, ұлт біртұтастығын камтамасыз етуге мүмкіндік болды, жер көлемі-де өсті. Осы жылдарда, яғни Казақ Автономды Кеӊестік Республикасын құруға дайындық жэне ол құрылғаннан кейінгі алғашқы жылдары Қазақстанныӊ әкімшілік-саяси орталығы ретінде талаптарға басқалардан гөрі Орынбор қаласы сай келген еді. Алайда территорияныӊ ұлғаюы мен әсіресе шығыс, оӊтүстік облыстардыӊ қашықтығы, республикалық, орталық органдардыӊ, ондағы жергілікті халықтардыӊ шаруашылық, мәдени өміріне басшылық жасауын толық қамтамасыз ете алмады. Астананыӊ бір қиырда орналасуы Қазақстан өкіметініӊ де жергілікті жерлердегі партия, кеӊес, шаруашылық ұйымдарымен тығыз байланысына едәуір қиындық келтірді, сондықтан астананы ауыстыру қажеттігі туындады. 20-жылдары С.Асфендияров білім - парасаты мен күш қайратын халқына аямай қалтқысыз қызмет етудіӊ үлгісін көрсетіп, ұлт мәдениетін өркендетуге өзініӊ қомақты үлесін қосқан нағыз тұлға. Ол Түркістан обкомыныӊ хатшысы бола жүріп Қырғыз АКСР-ініӊ мүддесін толығымен қорғауға байланысты өзініӊ айрықша пікірін білдіреді. 20-30 жылдары қазақтыӊ оқу, ағарту ісін дамытуға қомақты үлес қосқан азаматтардыӊ қатарында Т.Жүргенов те тұр. 3-4 жыл қатарынан Қазақ АКСР-ініӊ Түркістан Республикасындағы қызметті уәкілі міндетін, сонымен бірге Қазақ педагогикалық институтыныӊ ректоры қызметін қоса атқарды. Т.Жүргенов Орта Азияны ұлттық территориялық тұрғыдан межелеуге араласып Қазақ АКСР-ініӊ шекарасын белгілеуге атсалысады.

Түркістан республикасыныӊ ішкі істер халық комиссары Халық ағарту халық комиссары, жер-су халық комиссары, Орталық Атқару Комитеті төрағасыныӊ орынбасары қызметтерінде ширығу, шыӊдалу мектебінен өткен жиырма тоғыз жасар Сұлтанбек Қожанұлы да межелеу комиссиясыныӊ мүшесі ретінде маӊызды мәселеніӊ басы-қасында жүріп, оныӊ барысына белсене араласты. Ол әуелгі кезекте елдіӊ астанасын "отар қала - Орынбордан" (өз сөзі) калыӊ казақтыӊ ортасына көшіру қажет екендігін ресми мәжіліс мінбелерінен сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ баспасөз бетінде жарияланған мақалаларында кайта-қайта козғады. С.Қожанов "Еӊбекші Қазақстан" газетінде Қазақстан астанасын Орынбордан, Ақмешітке көшіруге және, Ақмешітке Қызылорда атын беруге өзіндік ұтымды пікір білдіреді.

Осындай пікір қатарында С.Сәдуақасов, Т.Жүргенов те болды. Мемлекеттік комиссия астана ретінде, Ақтөбе, Ақмола, Шымкент, Иулиеата, Ақмешіт қалаларын атады. Бірінші Сырдария губерниялық партия конференциясында республика астанасы ретінде Ташкент қаласы да ауызға алынды. Республиканыӊ астанасына, Ақмешіт қаласы ұсынылғанда, еӊ басты дәлел ретінде онда Орынборға қарағанда қазақтардыӊ көп тұратыны тілге тиек етілді. Орынбор - Ташкент темір жолы республиканыӊ жаӊа астанасын Ресей орталығымен, Қазақстанныӊ батыс, оӊтүстік аудандарымен және Орта Азия республикаларымен байланыстыратын еді. Оныӊ үстіне, Ақмешіт болашағынан үлкен үміт күттіретін суармалы егістіӊ орталығында орналасты. Бүгінгі көзқараспен қарағанда республика басшылары С.Қожанов, С.Сәдуақасов астананы көшіру мәселесіне ұлттық мүдде тұрғысынан келген деп айтуға болады. Оныӊ үстіне Ресей аумағындағы Қазақ АССР-ыныӊ астанасы Орынбор мен қарым - қатынас жасаудыӊ қиындығы да келелі іске кедергі келтірді. Көзі ашық, көкірегі ояу қазақ зиялылары өз жеӊісін өз жерінде тойлауды, аӊсады. Халқымыздыӊ Т.Рысқұлов, С.Меӊдешов, Н.Нұрмақов, С.Қожанов, С.Сәдуақасов т.б. біртуар ұлдары шын мәніндегі дербес Қазақ Республикасын құруды жақтады. Түркістан мен Қазақстан Республикаларыныӊ ішкі мүмкіншіліктерін сан қырынан талдап - таразылаған мемлекет қайраткері Сұлтанбек Қожанов астананы Орынбордан қазақтыӊ қалыӊ ортасына көшіруді қызу қолдады. Себебі, "мемлекет астанасыныӊ жұртшылығына сүйеніп істемесе, бас хүкіметтіӊ ісі оӊбайды",- деп түйген қайраткерді қазақтыӊ бас қаласыныӊ орыс ішінде орнауы қанағаттандырмады. Бұл жайында баспасөз бетінде дүркін - дүркін мәселе көтерді. Жаӊа астана туралы ойларын ол "Ақжол" газетінде жарияланған "Кешіктірмей келісу керек" (1924ж.), "Іс жүзінде орындау керек" (1924 ж.), "Қазақтыӊ кіндігі қай қала болсын" (1925ж.) т.б. мақалаларында бүкпесіз білдірді. "Қазақстан астанасы орыстыӊ туы тігілген қалада емес, қаласы жоқтықтан қазақтыӊ киіз ауылында болса да, қазақ жұртшылығына жуық болуы керек,- деп жазды С.Қожанов "Ақжолдыӊ" 1924 жылғы 17 желтоқсандағы санында. -Қазақ астанасы болуға Орынбор қаласы шетте болғандықтан ғана жарамайды емес, қазақ қаласы болмағандықтан, қазақ ұлт мемлекетініӊ ұлтшылдығына орда болуына қисыны жоқтықтан жарамайды. Қазақ ұлт мемлекетшілдігіне әдемі қала, ыӊғайлы үйлер керек емес, жаман да болса, өз ордасы болуы керек. Орынбордан көшпей, қазақ ұлтыныӊ ішкі тіршілігі оӊдалып, қазақ еӊбекшілерініӊ көпшілігініӊ қолына керекті шаралар іс жүзінде істелуі қиын". 1925 жылдыӊ ақпанында Қазақ Орталық Атқару Комитеті (КазЦИК) Президиумы республика астанасын Орынбор қаласынан, Ақмешіт қаласына көшіру жайлы қаулы қабылдады, ал 6 сәуірде Орынбор губерниясы Қазақ автономиясы құрамынан шығарылды. Перовск станциясы темір жол жұмысшыларыныӊ бастамасы бойынша Қазақстан өкіметін, Ақмешітке көшіру үшін үш күн ішінде "Қызыл паровозды" жөндеуден өткізіп, Орынборға жіберді. Қазақ АССР-і Кеӊестерініӊ Ү съезі делегаттары және өкімет мүшелері бар поезы Орынбордан республиканыӊ жаӊа астанасы, Ақмешітке 1925 жылдыӊ наурыз айыныӊ аяғында аттанды. Съезд делегаттарыныӊ ішінде мәдениет, өнер қайраткерлері Иса Байзақов, Александр Затаевич, Иміре Қашаубаев, Сәбит Мұқанов, Сәкен Сейфуллин, Қажымұқан Мұӊайтпасов болатын. Құрамында Қазақ АССР-і Кеӊестерініӊ Ү съезі делегаттары бар өкімет поезын жол бойында Сексеуіл, Арал, Қазалы, Жосалы станцияларыныӊ жұртшылығы қарсы алып, көп адам жиналған митингілер ұйымдастырылды. Ақмешіт станциясында орасан зор митингі болып өтті. Оны Ташкенттен келген Сырдария облыстық партия комитетініӊ хатшысы Ибілқайыр Досов ашты. Өкімет делегациясын Қазақстанныӊ жаӊа астанасыныӊ жұмысшылары мен интеллигенциясы қызу құттықтады. Қала жастары атынан, ақын Ибділдә Тәжібаев сөз сөйледі. Ірі-ірі мекендерде өткен митингіден жол бойы еӊбекшілерімен жүздесуге Қазақ өлкелік партия комитетініӊ екінші хатшысы Сұлтанбек Қожанов пен Республика Орталық атқару комитетініӊ төрағасы Жалау Мыӊбаев кезектесіп сөз сөйледі.

Сонымен, 1925 жылдыӊ 15 сәуірінде, Ақмешіт қаласында бүкіл Қазақстан еӊбекшілері өкілдерініӊ басын қосқан Қазақ АССР Кеӊестерініӊ Ү съезі салтанатпен ашылды. Бес күнге созылған съездіӊ негізгі құжатыныӊ бірі қырғыз халқыныӊ тарихи дұрыс атын қалпына келтіруі еді. Яғни, Кеӊестердіӊ бүкіл қазақтыӊ Ү съезі "бұдан былайғы жерде "киргиз" деген атау "қазақ" деп аталсын" деп қаулы қабылдады. Сонымен бірге съезд "Киргиз Республикасын "Қазақ Республикасы" деп атауға, ал оныӊ астанасы, Ақмешітті Қызылорда деп атауға қаулы қабылдады.

Қызылорданыӊ Қазақстан астанасы болуымен тарихтыӊ жарқын беттері ашылды. Бұл кезде қаланыӊ тұрғыны 22 577-ге жетті. Дәл осы жылдары жарқыраған электр жарығы іске қосылды. Астана мәртебесіне қол жеткізгеннен соӊ түрлі мекемелер мен өндіріс орындарыныӊ іргетасы қалана бастады. Біртіндеп кондитерлік фабрика, ет комбинаттары, сыра зауытымен бірге басқа да артельдердіӊ қатары көбейді. Қызылорда астана болған жылдары орта оқу және арнаулы оқу орындары, өнеркәсіп және ауылшаруашылық мекемелерімен қоса орталықтан ғылыми-зерттеу ғимараты қазақтыӊ эпидемиология және гигиена институтыныӊ негізінде егу лабораториясы дүниеге келді. Сондай-ақ еӊ алқашқы рет қазақтыӊ ғылыми - зерттеу, жер қыртысын зерттеу, қазақтыӊ мал дәрігерлік - бактериологиялық және басқа да институттары өз жұмысын осы қалада бастаған болатын. Сауатсыздықты жою үшін, әрине, газет - журналдардыӊ рөлі зор екендігін ұққан ұлттық кадрлар оны ә дегеннен-ақ қолға алды. Сол кезде Қызылорда "Еӊбекші қазақ" (Егемен Қазақстан) "Советская степь", кейінірек "Казахстанская правда" деп аталатын республикалық газеттер мен басқа да журналдарды шығарып тарата бастады. Осы өмірдіӊ туын желбіретуге қоғамдық-саяси қызметті қоса арқалаған, ел көшіне, өмір, ағымына, халық тағдырына қабырғасы қайыса қам жеген дарынды жазушылар мен, ақындар-де білек түріп араласты. Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров, Сәбит Мұқанов, Сабыр Шәріпов, Қалмахан Ибдіқадыров, Ибділда Тәжібаев, Асқар Тоқмағанбетовтыӊ шығармалары осы Қызылордада жарық көрді. Сонымен, Қызылорда саз балшықтан салынған бейнесін бұзып, қос қабатты, әсем үлгідегі үйлермен қатарын түзеп, сол кездегі мөлшермен қыруар қаржы бөлініп жатты. Сөйтіп қалада қазақтыӊ ұлттық нақыштарымен әспеттелген әсем үйлер салына бастады. Республика астанасыныӊ Қызылордада болу кезеӊінде өнеркәсіп пен мәдени салалар біршама дами түсті. Жергілікті өнеркәсіп, тұрғын үйлер, мәдениет, денсаулық сақтау, білім беру объектілері бой көтерді. Осы кезеӊде республика үкіметі Голощекинніӊ басшылығымен Қазақстан республикасыныӊ астанасын басқа қалаға көшіру туралы мәселені жандандыра түсті. 1927 жылдыӊ наурызында Қазақстан Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлар Кенесі Қазақстан астанасын Алматы қаласына көшіру туралы қаулы кабылдады. Осы құжаттыӊ негізінде Қазақ АССР Кеӊесініӊ VІ съезі 1927 жылғы 3 сәуірінде болған мәжілісінде оны бекітті. Түркістан - Сібір темір жолыныӊ іске қосылуы астананыӊ Ақмешіттен Алматыға көшуін тездетті.

https://e-history.kz/kz/contents/view/2682

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны