28.05.2014, 22:20 2786

Қызылорда облысы Краснодар аймағы күрішшілерінің тәжірибесін қабылдады

Иріптестік негізде жұмыс жасау мақсатында Қызылорда мен Краснодар әкімшіліктері меморамдумға қол қойды. Бұл ғылыми ізденіс пен жаңа технологияның көмегімен өнімділікті арттырудың бастамасы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мамандарын дайындауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен Қубан мемлекеттік аграрлық университеті уағдаласып, меморандумға қол қойды.

Алматы. 28 мамыр. Kazakhstan today. Краснодарлықтардың күріш өсіру тәжірибесімен танысу мақсатында облыстан арнайы делегация көрші мемлекетке барды. Қызылорда облысы делегациясының құрамында басқарма басшылары, шаруа қожалықтардың төрағалары, зерттеу институтының мамандары болды.

Ал, Қызылордада керсінше, күн 40 градус ыстық, ауасы құрғақ. Краснодарда жыл сайын 125 мың гектар жерге күріш егіледі. Ал Сыр бойында 76 мың гектар шамасында. Сапар барысында қызылордалық диқандар сапалы тұқым - бітік өнімнің кепілі екендігіне көз жеткізді, деп әкімдікте хабарлады.

Бүкілресейлік күріш ғылыми-зерттеу институтының директоры Евгений Харитонов бастаған ғалымдар Сыр диқандарына барлық салалары бойынша жүргізіліп жатқан ғылыми жұмыстарымен таныстырды. Краснодар өлкесінде соңғы жылдары күріштің өнімділігі 20-30 пайызға жоғарылаған.

Иріптестік негізде жұмыс жасау мақсатында Қызылорда мен Краснодар әкімшіліктері меморамдумға қол қойды. Бұл ғылыми ізденіс пен жаңа технологияның көмегімен өнімділікті арттырудың бастамасы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылық мамандарын дайындауға Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетімен Қубан мемлекеттік аграрлық университеті уағдаласып, меморандумға қол қойды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны