25.05.2017, 15:29 5494

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келді

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келіп, білім саласыныӊ қызметкерлерімен, жоғарғы оқу орындарыныӊ ғалымдарымен кездесті.

Қызылорда. 25 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысына жұмыс сапарымен ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев келіп, білім саласыныӊ қызметкерлерімен, жоғарғы оқу орындарыныӊ ғалымдарымен кездесті.

Жиынныӊ алғысөзінде облыс әкімініӊ орынбасары Руслан Рүстемов осы жылдыӊ ұстаздар мен білім алушылар үшін жаӊалыққа толы болғанын жеткізді. Атап айтқанда, ҰБТ-ныӊ жаӊа форматы енгізіліп жатыр, қорытынды аттестациялау жаӊаланды, "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім" жобасы басталды. Е.Сағадиев Елбасы Жолдауынан туындайтын мәселелер мен білім жүйесіндегі өзгерістерге кеӊінен тоқталды.

Алдағы 3 жылда балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100 пайыз қамтамасыз ету міндеттеліп отыр. Ал балабақша ашуда мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту маӊызды. Былтыр республикада 800-ден астам жаӊа балабақша мен шағын орталық ашылды. Соныӊ 600-дейі немесе 80 пайызы - бизнес пен мемлекет байланысыныӊ жемісі. Нәтижесінде 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды балабақшамен қамту көрсеткіші 85 пайызға жетті. Қалған бөлігі келер 2 жылда балабақшаға баруы тиіс.

Қазіргі күні балабақшаларға арналған жаӊа санитарлық нормалар мен ережелер қабылданды. Кезек реттілігі де күн тәртібінде тұр. Астана, Қостанай, Шымкент, Алматы қалалары осыған байланысты бағдарлама әзірледі. Ендігі жерде бүкіл балабақша кезегі бірыӊғай республикалық кезекке біріктіріледі. Жолдама электронды үкімет арқылы беріледі. Осылайша ата-аналар мемлекеттік болсын, жекеменшік болсын, таӊдаулы мекемені таӊдай алады.

Өткен жылы тәрбиешілердіӊ біліктілігін көтерудіӊ бірыӊғай бағдарламасы жаӊартылды. 2019 жылға қарай мектепке дейінгі білім мен тәрбие беру саласына даярлық сыныбы қатар енгізілмек.

- Даярлық сыныбы - он екі жылдық жүйеніӊ алғашқы баспалдағы. Қазіргі күні балалардыӊ 85 пайызы 1 сыныпқа қабылданбай тұрып әріп таниды, оқи алады. Ийткенмен, мұғалімдерге оӊай емес. Көпшілікті "Иліппеніӊ" қайда кеткені мазалайды. "Иліппе" даярлық сыныбынан бастап оқытылады, - деді министр.

Орта білім беру жүйесіндегі басты өзгеріс - жаӊартылған мазмұнға көшу. Еліміздіӊ бас педагогы Қазақстанныӊ бұл бастамаға кештеу ілескенін жеткізді. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымыныӊ құрамындағы 35 мемлекет 15 жыл бұрын бастап кеткен. Өйткені олар заман талабын, нақтырақ айтқанда, әр 2 жыл сайын ақпараттыӊ екі еселенетінін, ал 5 жылда кейбір мамандықтардыӊ жойылып кететінін түсінді. Жаӊартылған мазмұнға көшу жағдайында функционалды сауаттылыққа ерекше мән беріледі.

- Өткен жылы 1 сынып оқушылары жаӊартылған мазмұнмен оқи бастады. Биыл 2, 5, 7 сынып балаларын көшіру көзделіп отыр. Осылайша 2019 жылы аяқтаймыз. Жаӊа бағдарламаны игеру үшін 2016 жылдыӊ жазында 74 мыӊ мұғалім кәсіби біліктілігін арттырды. Педагогтармен жұмыс істеу жыл бойы жалғасып келеді. Биыл тағы 75 мыӊ мұғалім оқытылады, - деді Е.Сағадиев.

Министр үштілділік, оныӊ ішінде мемлекеттік тіл жайына тоқталды. Айтуынша, биыл ҰБТ-ны қазақстандық түлектердіӊ 80 пайызы, сырбойылық бітірушілердіӊ 98 пайызы қазақ тілінде тапсыруға ниетті. Ендігі мәселе - он бір жыл бойы оқыса да, орыс мектептеріндегі балалар бір ауыз қазақша білмей шығады. Оныӊ себебін министр әдістеме сапасыныӊ төмендігіне әкеп тіреді. Министрлік орыс тілінде білім беретін мектептерде қазақ тілін оқытудыӊ ғылыми негізделген, коммуникативті әдіске сүйенген деӊгейлі бағдарламасын әзірледі. Бұл әдістеме биыл жекелеген мектептерде пилоттық жоба ретінде қолданысқа енгізіледі. Қазақстанда бірінші рет ауызекі сөйлеуді дамытуға арналған жиілік сөздік шығарылды. Мұнда бұрынғыдай оқып, мәтін аудару деген болмайды.

Ағылшын тілін білу - заман талабы. Биыл ағылшын тілінде сабақ беретін 5 000 мұғалімді 9 айға дейін тереӊдетілген курстарда оқыту жоспарланған болатын. Оныӊ орнына физика, химия, IT және биология пәндерінен сабақ беретін 12 000 адам жазылып, қосымша қаржыландыру мәселесі шешілді. Келесі жылы тағы 12 000 мұғалім білімін шыӊдайды. Пәндерді ағылшын тілінде оқу ерікті түрде жүреді, ол үшін ата-ананыӊ жазбаша рұқсаты керек. Е.Сағадиев осы жылы көп сұрақтыӊ жауабы табылатынын, атап айтқанда, дайындық уақыты, оқыту сапасы, мұғалімдер мен балалардыӊ дайындығы сынды мәселелер шешілетінін айтты. Өйткені аталған жұмыстыӊ қорытындысына сай жоғарғы сыныпта 4 пәнді ағылшын тілінде оқыту кестесіне көшу 2018 жылдыӊ аяғында аяқталады.

Бұл өзгерістерден бөлек, министр еліміздегі мектеп оқушыларына берілетін үй тапсырмасыныӊ көлеміне қатысты мәселені көтерді. Балалардыӊ үй тапсырмасын орындауға жұмсайтын уақыты жөнінен Қазақстан 65 елдіӊ ішінде 4-орында. Ал халықаралық зерттеу нәтижелері үй жұмысыныӊ көлемі мен білім саласындағы табыстыӊ арасында тікелей байланыс жоқ екенін көрсетеді. Бұл мәселені ұстаздар мен сала мамандары кеӊінен талқылап, қорытындысында үй жұмысын жеӊілдетудіӊ екі нұсқасын ұсынды. Біріншісі бойынша үй жұмысы барлық пәнніӊ, екіншісі бойынша жекелеген пәндер есебінен қысқаруы тиіс. Екі нұсқа бойынша да үй тапсырмасын орындау уақыты орта есеппен күніне бір сағатқа кемиді.

Министрліктіӊ мектеп мұғалімдерін оқу процесінен тыс жұмыс пен жүктемеден босату үшін тиісті шаралар қабылдау туралы қадамын кездесуге жиналған ұстаздар қауымы қуана қолдады.

Кездесуде Е.Сағадиев сала өкілдерініӊ сұрақтарына жауап берді. Ал сапардыӊ екінші күнінде министрдіӊ Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарындағы апатты мектептердіӊ орнына жаӊадан салынған білім ошақтарыныӊ ашылу және соӊғы қоӊырау салтанатына қатысуы жоспарланған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны