12.07.2017, 15:54 4195

Қызылорда облысында 2017 жылы 80 мыӊ гектар жер ауылшаруашылығы айналымына қосылады

Облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ дерегі бойынша 2012-2016 жылдары мемлекеттіӊ босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мыӊ гектарды құрайтын 1494 жер учаскесі сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына алынды

Қызылорда. 12 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жерді ауылшаруашылығы айналымына қосу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ дерегі бойынша 2012-2016 жылдары мемлекеттіӊ босалқы жерлерінен жалпы көлемі 373,2 мыӊ гектарды құрайтын 1494 жер учаскесі сауда-саттық (аукцион, конкурс) жолымен және мемлекеттік бағдарламалар негізінде ауыл шаруашылығы айналымына алынды.

Оныӊ ішінде: 2012 жылы аумағы 41,6 мыӊ гектар болатын 233 жер учаскесі, 2013 жылы 37,6 мыӊ гектарлық 262 жер учаскесі, 2014 жылы 120,5 мыӊ гектарға жеткен 327 жер учаскесі, 2015 жылы көлемі 93,8 мыӊ гектар болатын 308 жер учаскесі айналымға қосылды.

Өткен жылы жалпы аумағы 79,7 мыӊ гектар болатын 364 жер учаскесі ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді.

Биылғы жоспар бойынша айналымға алынуы тиіс жер көлемі 80 мыӊ гектар болып отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны