12.05.2010, 17:06 2851

Қызылорда облысында 58 тонна өңделмеген мұнай тасымалдаумен айналысқан Байқоңыр тұрғындары ұсталды

Қызылорда облысында 58 тонна өңделмеген мұнай тасымалдаумен айналысқан Байқоңыр тұрғындары ұсталды

Астана. 12 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 58 тонна өңделмеген мұнай тасымалдаумен айналысқан Байқоңыр тұрғындары ұсталды. Бұл туралы ҚР ІІМ-нің тіл саясаты және ақпарат департаментінің жетекшісі Қуанышбек Жұманов бүгін өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қызылорда облысының ІІД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Байқоңыр қаласының маңындағы автожолдан жергілікті тұрғындар мінген жанармай таситын үш машинаны ұстады. Олар тиісті құжаттарсыз 58 тонна өңделмеген мұнай тасымалдаумен айналысқан",- деді Қ.Жұманов.

"Ұсталғандардың айтуынша, олар отынды одан әрі облыс орталығында сату мақсатында белгісіз адамдардан 570 мың теңгеге сатып алған.

Қазіргі уақытта мұнайды ұрлау фактісіне қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары жүргізілуде",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны