23.09.2009, 12:58 1685

Қызылорда облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дуадақ атып алған екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Қызылорда облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дуадақ атып алған екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Астана. 23 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген дуадақ атып алған екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР ІІМ Икімшілік полиция комитетіне сілтеме жасап.

"Қызылорда облысында "Восход" мотоциклімен Айдарлы аулының екі тұрғыны ұсталды, олардан заңсыз атылған Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген дуадақ, "Джек" және ішкі істер органдарында тіркелмеген 16 калибрлі аңшы мылтығы табылып тәркіленді. Факт бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің "Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерімен заңсыз іс-әрекеттер" деген 290-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны