10.06.2008, 13:26 3092

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 мыңнан аса адам ұсталды

Қызылорда облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1 мыңнан аса адам ұсталды

Қызылорда. 10 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында жүргізілген "Нелегал" шұғыл-алдын алу шаралары кезінде полиция қызметкерлері 1063 аса шетелдік азаматты ұстады. Бұл туралы агенттік тілшісіне Қызылорда облыстық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Қасақана шекарадан заңсыз өтуіне байланысты Өзбекстан Республикасының алты азаматына қатысты қылмыстық іс қозғалды ", - деп хабарлады баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Дүйсенова.

Оның сөздері бойынша, салынып жатқан жай үйлердің бірінде Өзбекстан азаматы ұсталды. Оның құжаттары тексерілген кезде "биылғы жылдың 5 наурыз айында Қазақстан Республикасынан шығару жөніндегі соттың әкімшілік шешімінің орындалмағандығы анықталды". Осыған ұқсас оқиға Жаңақорған ауданында да анықталды, онда елден аластату туралы соттың шешімін қаперіне алмаған 28 жастағы Өзбекстан азаматы құрықталды.

"Қызылордада өткізілген шұғыл іздестіру шаралары кезінде ҚХР 4 азаматы құрықталды. Олар Өскеменде тіркелгенімен, Қызылорда облысына аттанғанда жергілікті органдарға хабарлама жіберуді ұмытып кеткен", - деп атап өтті Г. Дүйсенова. Қытай азаматтарына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Елге келу ережесін орындамағаны үшін әкімшілік жауапқа 47 шетел азаматы тартылды. Мысалы, Қызылорда тұрғынының үйінде жергілікті құқық органдарында тіркелмеген бес шетел азаматы тұрып жатты. Икімшілік жауапқа үй иесі және шетел азаматтары тартылды.

"Қаланың құрылыс нысандарының бірінде алыс шетелден келген төрт азамат жұмыс істеген. Полицияның мәліметтері бойынша, нысан иесі шетелдік жұмыс күшін тарту кезінде көші-қон заңнамасын бұзған. Қызылорда тұрғынына қатысты шаралар қолданылып, құрылысшылар елден шығарылды",- деді Г.Дүйсенова.

"Шұғыл іздестіру шаралары кезінде іздеуде жүрген екі қылмысткер құрықтады. Оның біреуі қарақшылық шабуыл жасаған, екіншісі біреудің мал мүлкін ұрлаған", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны