26.09.2018, 16:27 4190

Қызылорда облысында полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған "112" кезекші қызметін құру жоспарлануда

Халықаралық тәжірибені қолдана отырып, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған "112" кезекші қызметін құру жоспарлануда. Аталған пилоттық жоба Астана қаласы және Қызылорда облысында жүзеге асырылатын болады.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - 25 қыркүйекте Өӊірлік коммуникациялар қызметінде департамент бастығы полиция полковнигі Мұхитов Қайрат Болатұлыныӊ қатысуымен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған брифинг өтті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде, 2018 жылдыӊ 8 айында облыс көлемінде 4850 қылмыстық құқық бұзушылықтар тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 17 пайызға төмендеді (2017 ж.-5862), деді ол.

Сонымен бірге, қоғамдық орындарда (6,0%, 1458-ден 1371-ге), көшелерде (8,6%, 935-тен 855-ке), мас күйінде (12,2%, 319-дан 280-ге), бұрын сотты болғандармен (10,1%, 753-тен 677-ге) жасалған қылмыстар саны азайды.

"Бүгінгі таӊда, 10 мыӊ халыққа шаққандағы қылмыстылық деӊгейі біздіӊ облысымызда 93 қылмысты құрады. Бұл көрсеткіш бойынша республика көлемінде криминогендік ахуал тұрақты, әрі қауіпсіз облыстардыӊ біріміз",- деді спикер.

o Ағымдағы жылы (1 маусым - 30 қазан аралығында) Республика көлемінде "Көкнәр-2018" кеӊ ауқымды жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Анықтама: Есепті мерзімде, облыс көлемінде 263 (2017ж-359) есірткі саласындағы құқықбұзушылық анықталса, оныӊ 16 (22) дерегі есірткі сату, 12 (28) дерегі аса ірі мөлшерде есірткі сақтау қылмысын құрап отыр.

Заӊсыз айналымнан жалпы 74 кг. (555 кг.) есірткі заты тәркіленсе, оныӊ 63 кг. марихуана, 967 гр. гашиш, 2,71 гр. героин және 9 кг. 594 гр. апиын көкнәры.

Есепті мерзімде, есірткі өсірудіӊ 74 дерегі анықталып, жалпы салмағы 10 тоннадан астам болатын 73 мыӊ түп сора өсімдігі өртеу жолымен жойылды.

Нәтижесінде 54 қылмыскер құрықталып, тұтынушыларға үлкен көлемде есірткініӊ жетпей, оныӊ қаупініӊ алдын алудыӊ негізгі себебі болды.

o Жол қозғалысына бақылау күшейтіліп, соӊғы үш жылдыӊ ішінде автокөліктердіӊ (+5%, 140 мыӊнан 147 мыӊға) және жол тораптарыныӊ ұзындығы көбейгеніне қарамастан (+3,3%, 8899 км.-ден 9190 км.-ге), жол-көлік оқиғаларыныӊ саны 12 пайызға (250-ден 220-ға) онда қайтыс болғандар 31 пайызға (64-тен 44-ке) және жарақат алғандар саны 12 пайызға (295-тен 258-ге) азайды.

Бұл, республика көлемінде жақсы көрсеткіштердіӊ бірі. Есепті мерзімде жолда жүру ережелерін бұзудыӊ

65 мыӊ дерегі анықталып (2017 ж - 56354), өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға жақсарған.

Оныӊ ішінде, жол апаттарына тікелей әсер ететін автокөлікті мас күйінде басқарған 927 (2017 ж.-862), жылдамдықты арттырған 8023 (2017 ж.-10484) және қарсы бағытқа шыққан 160 (2017 ж.-196) тұлға әкімшілік жауапқа тартылып, алдын алу жұмыстары күшейтілуде.

o Жол-патрульдік полиция қызметі тамыз айынан бастап қоғамдық жерлерде, оныӊ ішінде көп қабатты үйлердіӊ аулалары мен халық көп шоғырланған аймақтарға жаяу патрульдеу бағытына шығарылып, бұл оӊ тәжірибе өз нәтижелерін беруде (49 автопатруль (104 қызметкер) және 18 жаяу бағытта 36 қызметкер).

Одан бөлек қала маӊында орналасқан "Сабалақ", "Пищевик", "Ягодка", "Дружба", "Строительная" саяжайлары мен "Қарауылтөбе", "Абай", "Қараөзек" ауылдарында рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

Іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері үй-үйлерді аралап, тұрғындармен кездесіп, олардан келіп түскен проблемалық сұрақтар бойынша сол жерде шұғыл шаралар қабылданды.Нәтижесінде, әкімшілік құқық бұзушылық жасаған 224 тұлғаға әкімшілік хаттама толтырылды.

Оныӊ ішінде, қоғамдық орындарда масаӊ күйде жүрудіӊ 78 дерегі, тыныштықты бұзудыӊ 20, азаматтық қаруды сақтау ережелерін бұзудыӊ 10 дерегі анықталып, барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы қабылданған профилактикалық жұмыстар нәтижесінде, "102" арнасына азаматтардан түскен өтініштер саны 2,5 есеге азайды (орта есеппен шілде айында тәулігіне 605 хабарлама түссе, қыркүйек айында 234 хабарлама).

o Облыс орталығында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында орнатылған 272 бейнебақылау камераларыныӊ көмегімен 12 мыӊ әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, 50-ден аса қылмыстыӊ беті ашылды. "Цифрлық Қазақстан" бағдарламасы аясында қосымша 1400 дана бейнебақылау камераларын орнату үшін адрестік бағдарлама бекітілді.

o Халықаралық тәжірибені қолдана отырып, полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру, төтенше жағдай және коммуналдық қызметтерді біріктіріп, орталықтандырылған "112" кезекші қызметін құру жоспарлануда.

Аталған пилоттық жоба Астана қаласы және Қызылорда облысында жүзеге асырылатын болады.

o Сандық технологияларды дамыту аясында "Электрондық қылмыстық іс жүйесі" жобасы енгізіліп, қазіргі уақытта қылмыстық істер электрондық форматта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жүйеніӊ тиімділігі, ол тергеу жұмыстарыныӊ жылдамдығын арттыруға , қылмыстық процеске қатысушылардыӊ қылмыстық істердіӊ тергеу барысын электронды түрде бақылап отыруға мүмкіндігі және оныӊ бұрмалануына жол бермеу, қылмыстық істерді тергеу барысында сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға өз ықпалын тигізеді. Қазіргі таӊда, электронды форматта жалпы

179 қылмыстық іс тергеліп, оныӊ 136 ісі сотқа жолданды.

o 2017 жылдыӊ қазан айынан бастап "Икімшілік іс жүргізудіӊ бірыӊғай тізілімі" (ЕРАП) жобасы іске қосылып, жергілікті полиция қызметіне 29 дана планшет берілсе, қазіргі таӊда қосымша 117 электронды планшеттер алынып, қолданысқа енгізілуде. Планшеттермен бүгінгі күнге 6 мыӊнан астам әкімшілік хаттамалар толтырылды.

o Жыл сайынғы Ішкі істер министрлігініӊ бастамасымен өткізілетін республикалық "Қозғалыстыӊ жас инспекторлары" атты слётінде 2017 жылы біздіӊ облыстыӊ командасы бірінші орынды иеленген болатын. Ережеге сәйкес, аталған слёт ағымдағы жылдыӊ тамыз айында Қызылорда қаласында жоғарғы дәрежеде өткізілді.

Сонымен бірге, жеӊімпаз команда қазан айында Ресейде өтетін ТМД елдері арасындағы халықаралық сайыста еліміздіӊ атын қорғайтын болады.

o Департамент бастығы азаматтарды жеке қабылдау жүргізуімен бірге (+18%, 75-тен 89-ға), әр айдыӊ соӊғы аптаныӊ бейсенбі күні қала әкімдігініӊ ғимаратында орналасқан "Құқық қорғау қызметтері орталығында" қоғамдық қабылдау жүргізуде.Нәтижесінде, есепті мерзімде жеке және заӊды тұлғалардан департаментке түскен арыз шағымдарыныӊ саны 30 пайызға (4399-дан 3002-ге) төмендеді, деп хабарлайды Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Сананыӊ ашықтығы зерденіӊ үш ерекшелігін білдіреді.

Біріншіден, ол дүйім дүниеде, Жер шарыныӊ өзіӊе қатысты аумағында және өз еліӊніӊ айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді.

Екіншіден, ол жаӊа технологияныӊ ағыны алып келетін өзгерістердіӊ бәріне дайын болу деген сөз. Таяудағы он жылда біздіӊ өмір салтымыз: жұмыс, тұрмыс, демалыс, баспана, адами қатынас тәсілдері, қысқасы, барлығы түбегейлі өзгереді. Біз бұған да дайын болуымыз керек.

Үшіншіден, бұл - өзгелердіӊ тәжірибесін алып, еӊ озық жетістіктерін бойға сіӊіру мүмкіндігі. Азиядағы екі ұлы держава - Жапония мен Қытайдыӊ бүгінгі келбеті - осы мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудыӊ нағыз үлгісі".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны