11.05.2017, 15:53 4909

Қызылорда облысында прокуратура саласында трансформация жүргізудіӊ негізгі бағыттары айқындалды

Прокуратура саласында трансформация жүргізудіӊ негізгі бағыттары айқындалып, осы бағытта шаралар қолға алынды. Аймақта осындай оқу тренингтері облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтіӊ қатысуымен өтуде.

Қызылорда. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Прокуратура саласында трансформация жүргізудіӊ негізгі бағыттары айқындалып, осы бағытта шаралар қолға алынды. Аймақта осындай оқу тренингтері облыс прокуроры Халидулла Дәуешовтіӊ қатысуымен өтуде.

Ол осы бағыттағы шараларда жеке құрам арасында трансформацияныӊ маӊызы жайлы айтып, бағдарламаныӊ кезеӊдері мен мақсаттарын түсіндіреді.

Мысалы, қазір қалалық прокуратура 3 басым бағытты айқындады. Ашықтық, тиімділік және әділдік атты бұл бағыттар бойынша шаралар легі атқарылды.

Қала прокуроры барлық елді мекендер тұрғындарымен кездесіп, олардыӊ өтініштері бойынша жеке қабылдаулар өткізді. Осындай қабылдаулардыӊ саны 5 есеге, ал қанағаттандырылған өтініштер 35 пайызға өсті. Илеуметтік желілерде парақшалар ашылып, прокуратураныӊ күнделікті жұмысы туралы ақпараттар орналастырылуда. Бүгінгі күнніӊ өзінде жарты мыӊға жуық жазылушылар тіркелді.

Сала жұмысына ашықтық беру үшін тәулік бойы қосылған сенім телефондары қосылды. Барлық емханаларда арыз-шағым жәшіктері орнатылды. Кәсіпкерлер, мүгедектер және тағы басқа санаттағы азаматтар арасында жұмыс топтары құрылды.

Өзгерістер бағдарламасында атап өтілгендей, мәселеніӊ салдарымен күресуден көрі оны болдырмау маӊызды. Осы бағытта 18 мыӊнан астам жұмысшысы бар 25 кәсіпорында еӊбек заӊнамасы туралы ақпараттық хаттар ілініп, салық төлеу жеӊілдіктері туралы хаттар "Қазпочтаныӊ" барлық бөлімшелерінде қойылды.

Прокуратура бастамасымен "Айыппұл төлеу оӊай" іс-шарасы ұйымдастырылып, акция аясында 6 банктіӊ төлем қабылдау жүйесініӊ Икімшілік полиция комитетініӊ АИПС "Контроль" жүйесіне интеграциялануына қол жеткізілсе, 60 төлем қабылдау терминалына айыппұлды қабылдау тәртібі көрсетілген ақпарат ораналастырылды.

Бұдан бөлек, жеке құрам арасында қоғамдық, спорттық іс-шаралар, оныӊ ішінде біліктілігін көтеру бағытында тренингтер өткізілуде.

Барлық қызметкерлерді осы жұмыстарға тарту үшін прокуратураныӊ бағыт-бағдар сызбасы әзірленіп, оған әрбір прокурор жаӊа форматта жұмыс жасаудыӊ өз ой-пікірі мен ұсыныстарын білдіруде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны