19.04.2010, 17:35 3220

Қызылорда облысында шикі мұнай өңдейтін тағы бір астыртын цех әшкереленді

Қызылорда облысында шикі мұнай өңдейтін тағы бір астыртын цех әшкереленді

Қызылорда. 19 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық ІІД-нің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы шикі мұнай өңдеумен заңсыз айналысып келген топты құрықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қызылорда -Құмкөл трассасынан 57 шақырым жерден тәртіп сақшылары жасанды жанармай дайындайтын астыртын цехты әшкереледі, онда үш бірдей қолдан жасалған "самаурында" сапасыз дизельдік отын жасалып келген", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің қызметкері Жалғас Тоқсанбаев.

"Жедел қызметкерлер әлгі "кәсіпшілік орнынан" бес адамды қолға түсірді. Шұғыл іс-шара кезінде айғақзат ретінде 12 тоннаға жуық дайын өнім тәркіленді",- деді ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының бастығы Шерхан Қаленов.

Сондай-ақ, оның айтуынша, "тіркеме цистернасында 27,5 тонна шикі мұнайы бар КамАЗ автокөлігі ұсталды. Полиция "кәсіпорынның" қожайынын анықтап, ұстады, ол кімнен және қанша мұнай өнімдерін ұрлағандары туралы жауап бере бастады".

"Өткен жылы Арал өңірінде осындай 24 қылмыс тіркелді. 352 млн астам теңгенің 4 мың тоннадай шикі мұнайы тәркіленді", - деді Ш. Қаленов. Оның хабарлауынша, "жыл басынан бері шикі мұнай ұрлау және айдауға байланысты бес қылмыс әшкереленіп, 237 тонна мұнай тиелген 10 жүк көлігі ұсталды".

"Мұнайға қатысты істерді ІІД мен қаржы полициясының қызметкерлері тексеруде. Бұл жерде ҚР Қылмыстық кодексінің тек 175-ші "топ болып ұрлық жасау жөніндегі" бабы ғана емес, "заңсыз кәсіпкерлік жөніндегі" 190-шы бабына қатысты қылмыстардың белгілері бар", - деп хабарлайды облыстық прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны