13.07.2017, 15:19 4189

Қызылорда облысында үш жылдағы түгендеу нәтижесінде облыс аумағында 132,6 мыӊ гектар жердіӊ пайдаланылмай отырғандығы белгілі болды

Соӊғы үш жылдағы түгендеу нәтижесінде облыс аумағында 132,6 мыӊ гектар жердіӊ пайдаланылмай отырғандығы белгілі болды

Қызылорда. 13 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінде Қызылорда облысында ауылшаруашылығы жерлерін түгендеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Облыстық жер қатынастары басқармасыныӊ мәліметінше 2011-2014 жылдары осы мақсатта жүргізілген тексеру нәтижесінде пайдаланылмай отырған 311,2 мыӊ гектар (884 учаске) анықталған. Оныӊ 271,7 мыӊ гектары (678 учаске) мемлекетке қайтарылып, 181 учаскеніӊ иелері қайта пайдалануға кіріскен.

Соӊғы үш жылдағы түгендеу нәтижесінде облыс аумағында 132,6 мыӊ гектар жердіӊ пайдаланылмай отырғандығы белгілі болды.

Оныӊ 93,7 мыӊ гектары мемлекеттік меншікке қайтарылды, 35,6 мыӊ гектар жерлерді жер пайдаланушылар қайта пайдалануға кіріскен, 1,0 мыӊ гектар жерлердіӊ меншік иесі табылмауына байланысты иесіз мүлік ретінде есепке алынды, қалған 2,3 мыӊ гектар бойынша жер иелерінен заӊдылыққа сәйкес мемлекетке қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны