08.05.2007, 19:18 3012

Қызылорда облысында жасанды ақшаның ірі топтамасымен қылмыстық топ құрықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 - мамыр. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында жасанды 5 мыңдық теңгенің ірі топтамасымен қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы журналистерге облыстық ішкі істер департаментінің тергеу басқармасының бастығы Талғат Бұрханов мәлім етті.

"Полицейлердің арнайы жүргізілген іс-шаралары барысында жасанды ақша топтамасын өткізу үшін келген Жамбыл облысының үш жас тұрғынынан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Олар Аралдың жеке меншік дәріханаларының бірінен жасанды 5 мың теңгеге дәрі сатып алғаннан кейін қолға түсті",- деді Т. Бұрханов.

Ұсталғандарға тиесілі көліктің ішінен полицейлер жалпы сомасы 365 мың теңгені құрайтын 73 жасанды купюралар, сонымен қатар 25 грамм гашиш тауып, тәркіледі.

Ішкі істер департаментінің тергеу басқармасы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабы (ірі көлемде жасанды ақша жасау және оны өткізу) мен 259-бабы (ірі көлемде есірткі сақтау) бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу жұмыстарын жүргізуде.

"Сондай-ақ жасанды ақшаларды дайындаған жерді және де оларды аймақтағы өткізуге қатысты басқа да арналарады анықтауға қатысты іс-шаралар жүзеге асырылуда",- деп хабарлады полициядағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны