13.05.2014, 20:43 1903

Қызылорда облысының Қазалы ауданында 2015 жылы 7 мектеп салынады

"Аудандағы 7 апатты жағдайдағы мектеп келер жылдың соңына дейін кезек-кезігімен қайта салынады. Жарық мәселесін шешуге қажетті 182 млн. теңгені облыстық мәслихаттың сессиясында қарайтын боламыз", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Алматы. 12 мамыр. Kazakhstan today. Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев өткен жылы ҰБТ қорытындысынан ең төмен көрсеткішке ие болған Қазалы ауданында болды.

Облыс әкімдігінің ақпаратынша, ауданда бірқатар мектептер апатты жағдайда тұр.

"Аудандағы 7 апатты жағдайдағы мектеп келер жылдың соңына дейін кезек-кезігімен қайта салынады. Жарық мәселесін шешуге қажетті 182 млн. теңгені облыстық мәслихаттың сессиясында қарайтын боламыз", - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.

Сапар барысында өңір басшысы мектеп бітіруші түлектердің ҰБТ-ға дайындық барысымен танысты. Сынама тест нәтижесі қазір 72,8 пайызды құрап тұр.

"Бастысы, мамандық таңдауда кателеспеңіздер. Облыс әкімдігінің сайтын қараңыздар. Өңірге болашақта қандай мамандықтар қажет екендігіне зер салыңыздар. Болашақтарыңыз үшін маңызды", - деп өңір басшысы оқушыларға сәттілік тіледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны