19.01.2009, 17:10 3284

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі құрықталды

Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі құрықталды

Қызылорда. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының оперативтік қызметкерлері шұғыл іздестіру шараларының барысында "Шұғыла" ықшамауданында Қазалы аудандық орталығының 48 жастағы тұрғынын ұстады. Одан және онымен бірге жүрген сыбайласынан гашиш есірткісі тәркіленді. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлайды ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнар Дүйсенова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны