09.10.2017, 13:38 7815

Қызылордада жерге қатысты мәліметтер www.kyzylorda-zher.kz сайтына жарияланатын болды

Қызылорда қалалық прокуратурасы қалалық әкімдікке арнайы сайт ашуды ұсынған болатын. Осы ұсыныс Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қолдау тауып, жер телімі бойынша жазылған өтініштер кезегі, аукциондар шығатын жер телімдері, жер алу тәртібі мен жер туралы заӊнамалар көрсетілген мәліметтер www.kyzylorda-zher.kz сайтына жарияланатын болды.

Қызылорда. 9 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасы Президентініӊ "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ 94-тармағында мемлекеттік органдардағы мемлекеттік құпия мен заӊмен қорғалатын ақпараттардан басқа кез-келген ақпараттардыӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында "Ашық үкімет" енгізу механизмініӊ қажеттілігі белгіленген.

Ұлт жоспарын іске асыру төӊірегінде өӊірдегі халықты көп мазалайтын жер мәселесіне қатысты ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында Қызылорда қалалық прокуратурасы қалалық әкімдікке арнайы сайт ашуды ұсынған болатын.

Осы ұсыныс Қызылорда қаласы әкімдігі тарапынан қолдау тауып, жер телімі бойынша жазылған өтініштер кезегі, аукциондар шығатын жер телімдері, жер алу тәртібі мен жер туралы заӊнамалар көрсетілген мәліметтер www.kyzylorda-zher.kz сайтына жарияланатын болды. Бұл туралы облыстық прокуратураныӊ баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны