04.07.2017, 13:12 3941

Қызылордалық 15,5 мыӊ азамат биыл жұмыспен қамту бойынша мемлекет көмегіне жүгінді

Облыста қажеттілік бар 30 жұмысшы мамандық пен кәсіпке оқыту жөнінде 20 колледж бен кәсіптік мектеп белгіленген. Барлығы, Қызылорда облысында, жедел топтардыӊ іс-қимылы нәтижесінде Бірыӊғай ұлттық тестілеуден өте алмаған, сондай-ақ, кәсіби білімі жоқ жастар санатынан 1,5 мыӊға жуық жан назарға іліккен.

Қызылорда. 4 шілде. Kazakhstan Today - 2017 жылдыӊ 1 маусымындағы жағдай бойынша Қызылорда облысыныӊ 15,5 мыӊ тұрғыны (оныӊ ішінде 99,2% жұмыссыз) биыл жұмыспен қамту орталықтары арқылы мемлекет көмегіне жүгінді (елімізде орташа алғанда Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасына қатысушылардыӊ арасындағы жұмыссыздар үлесі 84,3%-ды құрайды), деп хабарлайды

enbek.gov.kz.

Жәрдемге мұқтаждардыӊ қатарынан 11,1 мыӊ азаматқа (71,6%) мемлекеттік Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында жұмысқа орналастыруға ықпал ету шаралары көрсетілген. Оныӊ ішінде 5,3 мыӊ адам немесе 47,8%-ы тұрақты еӊбекпен қамтылған.

Бағдарлама қатысушыларын техникалық-кәсіби біліммен және қысқа мерзімді кәсіби оқумен қамтамасыз ету мақсатында, ағымдағы жылы, техникалық және кәсіби білім бағытында 1 515 адам көлемінде кадр даярлау әрі 3 518 адам тұрғысында қысқа аралықтағы оқыту ұйымдастыру жоспарланған.

Облыста қажеттілік бар 30 жұмысшы мамандық пен кәсіпке оқыту жөнінде 20 колледж бен кәсіптік мектеп белгіленген. Барлығы, Қызылорда облысында, жедел топтардыӊ іс-қимылы нәтижесінде Бірыӊғай ұлттық тестілеуден өте алмаған, сондай-ақ, кәсіби білімі жоқ жастар санатынан 1,5 мыӊға жуық жан назарға іліккен. Олар оқу сабақтарын үстіміздегі жылдыӊ 1 қыркүйегінде бастамақ.

Аумақтық жұмыспен қамту орталықтары арқылы 505 адамды әлеуметтік жұмыс орындарына тұрғызып, жастар тәжірибесіне 905 оқу орны түлегін жіберу жоспарланып отыр. Биылғы 22 маусымға қарағанда облыста 584 адам әлеуметтік жұмыс орындарымен қамтылып, жастар тәжірибесіне 849 адам жолданған.

Жаппай кәсіпкерлікті өркендетуді мемлекеттік демеу шеӊберінде, 24 маусымға дейін Қызылорда облысында 16 шағын несие берілген.

Кәсібін енді қолға алған адамдар үшін, "Бастау-бизнес" жобасы аясында, кәсіпкерлік негіздеріне оқыту жүргізілуде. Бүгінде жобада 394 адам қамтылып (жоспардағы 937 адамнан 43%), олардыӊ барлығы айлық оқыту курстарын тәмамдады.

Ел бойынша "Бизнес-Бастау" жобасында 5,9 мыӊ адамныӊ 5,5 мыӊы оқуын аяқтады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетініӊ ресми дерегінше, биылғы 1-ші тоқсанныӊ қорытындысында, Қызылорда облысындағы жұмыс күшініӊ (халықтыӊ экономикалық белсенді тобыныӊ) саны 331,4 мыӊ адамды межеледі.

Жұмыспен қамтылған халық саны 315,5 мыӊ адамды байқатса, оныӊ 112,1 мыӊы өзін жұмыспен қамтыған болып есептеледі.

Сәйкес мерзімдегі жұмыссыздық деӊгейі 4,8% болса, жастар арасында (15-28 жас шегі) 3,2%-ды төӊіректеуде.

Осымен бірге, 2017 жылдыӊ басымен салыстырғанда, жалдамалы жұмысшылар саны 3,5 мыӊ адамға азайған.

Жергілікті атқарушы органдардыӊ мәліметіне сәйкес, биылғы 1 маусымда жұмыспен қамту орталықтарына 5,5 мыӊ адам тіркелген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны