14.06.2012, 09:43 2875

Қызметтестерін өлтірген соң Челах төңіректі бейнетаспаға түсірумен айналысқан

Искери прокуратура журналистерге Владислав Челахтан сұрақ-жауап алу кезіндегі сәттен үзінді көрсетті. Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің сөзіне қарағанда, Челах тұрақты түрде кінәсін мойнына алуда.

Астана. 14-маусым. Kazakhstan Today - Қызметтестерін өлтірген соң Челах төңіректі бейнетаспаға түсірумен айналысқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Искери прокуратура журналистерге Владислав Челахтан сұрақ-жауап алу кезіндегі сәттен үзінді көрсетті. Бас әскери прокурор Ерғали Мерзадиновтің сөзіне қарағанда, Челах тұрақты түрде кінәсін мойнына алуда.

Бейнетаспада Челах кезекпен алдымен орман қорықшысы Руслан Кимді, одан кейін қалған шекарашыларды қалай өлтіргенін мойнына алғаны баяндалады. "Қызметтік борышымды өтеу барысында мені үнемі кемсітіп, жиі балағаттайтын", - деді Челах түсініктеме беру кезінде.

1tv.kz тілшісінің хабарлауынша, әскери прокурор сондай-ақ Челах өз анасына қылмысты жасағанын мойындағанын жеткізді. Искери прокуратура олардың әңгімесінен де үзінді көрсетті.

Владислав Челах тауда жасырынып жүргенде түсірілген бейнежазба да көрсетілді. Бұл жазба орман қорықшысы Кимді өлтіргеннен кейін одан алынған фотокамерада жазылып қалыпты.

"Челах қорғаушымен қамтамасыз етілді, оның құқықтары сақталуда, қадағалауды менің орынбасарым жүргізуде. Қазіргі таңда тергеушілер, менің ойымша, нақты жауап берілетін кешенді психикалық-психиатриялық сараптама жасау үшін материалдар әзірлеуде. Челахтың аталмыш қылмысты жасағанын дәлелдейтін айғақтар жеткілікті, оған ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2 -бөлімі, "а" пункті бойынша айып тағылды. Оның кінәсін тек сот анықтайды", - деді әскери прокурор.

"Қорытындыда тағы бір рет осы істі зерттеу Мемлекет басшысы мен Бас прокуратураның тікелей қадағалауында екендігін баса айтқым келеді. Мен Бас әскери прокурор ретінде аталмыш істі тергеу жұмыстарының жүру барысын жеке бақылауыма алдым. Қосымша тергеу жұмыстары толыққанды, әділ әрі әскери заң шеңберінде жан-жақты жүргізіледі деп уәде етемін және оған кепілдік беремін",-деді Ерғали Мерзадинов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны