19.01.2019, 20:58 15873

Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына бірқатар өзгерістер енгізілді

Үкімет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ бастамасы бойынша қолданыстағы Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЭЫДҰ) мен дамыған елдердіӊ табысты тәжірибесіне сәйкес "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға және есептілікті жеӊілдетуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізді.

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2018 жылғы желтоқсанда Үкімет Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ бастамасы бойынша қолданыстағы Қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларына халықаралық ұйымдар (БҰҰ, ЭЫДҰ) мен дамыған елдердіӊ табысты тәжірибесіне сәйкес "тұрмыстық" сыбайлас жемқорлық көріністерін жоюға және есептілікті жеӊілдетуге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізді.

Бұл жөнінде МҚІСЖҚА Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментініӊ директоры Данияр Сабырбаев брифингте айтты.

Қабылданған жаӊашылдықтарға сәйкес, мемлекеттік органдар өздерініӊ қызмет ерекшелігін ескере отырып, белгіленген бюджетке сәйкес қызметтік іссапарларға жіберудіӊ ішкі тәртібін дербес әзірлеу және бекіту құқығына ие.

Сонымен қатар, тұрғын үйді жалдау бойынша іссапар шығындарын өтеу көлемі өзгеріссіз қалды және айлық есептік көрсеткіш бойынша бекітілген нормативтерге сәйкес анықталады.

Мемлекеттік қызметшілерден тұруға орын ұсынған ұйымнан қажетті құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

Осылайша, іссапардағы қызметкерлерге келесі құжаттарды беру жойылады: фискалдық чектер, кассалық кіріс ордерлері, шот-фактуралар, есептер, хабарландырулар, жалгерлік шарты, патенттер, куәліктер және өзге де қонақүй қызмет көрсетушілерімен ұсынылатын растайтын құжаттар.

Біз растайтын құжаттардыӊ міндетті түрде ұсынылу нормасын алып тастау бірқатар оӊ аспектілерге ие деп есептейміз, мысалы:

1. Төлеуге іссапардағы қызметкерлермен жалған құжаттарды ұсынуды жою және жалған құжаттарды ұсынатын тұлғалардыӊ заӊсыз табысыныныӊ жолын кесу;

2. Қызметкердіӊ қысқа мерзімде іссапарға жіберілген уақытын ұтымды пайдалану (тұру жөнінде құжаттарды ресімдеуге қажеттілік жоқ);

3. Жұмыс беруші тарапынан қызметкерлерге іссапар шығындарын өтеу барысында қаржылық бұзушылықтарды азайту;

4. Құжаттарды тексеру үшін қаржылық қызмет қызметкерлерініӊ жұмыс уақытын үнемдеу (аванстық есептер).

Бұдан басқа, іссапар шығындарын өтеу бойынша біріздендірілген тәсілді қабылдау мемлекеттік органдардыӊ қосалқы қызметтерін оӊтайландыру және орталықтандыру арқылы қамтамасыз етілетін экономикалық әсер береді.

"2019 жылдыӊ басынан бастап Агенттік орталықтандырылған еӊбекақы, еӊбек демалысы, іссапар шығындары және бухгалтерлік есеп бойынша жұмыс жүргізілуде.

А.ж. 1 наурызынан бастап жылдық балансты тапсыру қорытындысы бойынша Агенттіктіӊ аумақтық бөлімшелерінде бухгалтер лауазымын оӊтайландыру жоспарлануда.

Жыл сайынғы болжамды үнемдеу көлемі 28 млн.теӊгені құрайды", - деп атап өтті МҚІСЖҚА Ішкі аудит басқармасыныӊ басшысы Сәуле Ақмамбаева брифинг барысында.

Атап өту керек, 2018 жылдыӊ екінші жартысынан бастап Агенттік мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізуді, кадрлық іс қағаздарды жүргізу және аумақтық бөлімшелерді құқықтық қамтамасыз етуді орталықтандыру жүзеге асырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны