05.06.2013, 12:51 3184

ҚОҚМ ірі қалаларда электр энергиясы генерациясын көмірден газға ауыстыруды ұсынды

"Біз алдымен экологиялық жағдайды жақсарту үшін ірі қалаларға көмірден газға генерациясын ауыстыруды ұсындық. Ал, келесі онжылдықтың ортасынан ескі көмір станцияларын тозуына және оны жаңартудың негізсіздігіне байланысты пайдаланудан шығарып, газдың жеткілікті мөлшері болған жағдайда көмір генерациясын газға ауыстыру көзделген", - деді Н.Қаппаров.

Астана. 5-маусым. Kazakhstan Today - ҚР-ның "жасыл" экономикаға көшу тұжырымдамасы аясында ірі қалаларда электр энергиясы генерациясын жеткілікті мөлшерде болған жағдайда көмірден газға ауыстыру жоспарланған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында мәлім етті.

"Біз алдымен экологиялық жағдайды жақсарту үшін ірі қалаларға көмірден газға генерациясын ауыстыруды ұсындық. Ал, келесі онжылдықтың ортасынан ескі көмір станцияларын тозуына және оны жаңартудың негізсіздігіне байланысты пайдаланудан шығарып, газдың жеткілікті мөлшері болған жағдайда көмір генерациясын газға ауыстыру көзделген", - деді Н.Қаппаров.

Сонымен қатар, ол газ генерациясы Қазақстанның баламалы және жаңартылмалы энергия көздерін пайдалануға көшуді жылдамдататын көпірге айналатынын атап өтті. Оған қоса, бұл еліміздегі жаңа газ-химия саласының негізіне айналады, оның әлеуеті сарапшылардың бағалауынша өте жоғары.

Қоршаған ортаны қорғау ведомствосының басшысы таяу арада көмір өндірісін қысқарту және осы сектордағы жұмыспен қамтуды қысқарту күтілмейтінін басып айтты.

"Көмір өнімінің ағымдағы өндірісі абсолюттік мәнде таяу онжылдықта қысқармайды, сәйкесінше бұл секторда жұмыспен қамтылудың қысқаруы күтілмейді. Көмір генерациясының үлесі төмендейді, өйткені болашақта бізге көбірек энергия қажет болады, оларды энергияның басқа түрлерімен алмастырамыз", - деді ол.

Айта кету, керек Тұжырымдамаға сәйкес Қазақстанның энергия қоржынындағы газ үлесі жоғары баға сақталған жағдайда 2013 жылы табиғи газ 21%-ды құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны