01.07.2014, 20:29 2698

Көкшетауда 11 баспананың құрылысы жүруде

Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев биыл "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс орталығында 11 көп пәтерлі баспана немесе 26 887 шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Алматы. 1 шілде. Kazakhstan today. Көкшетау қаласының әкімі Жомарт Нұрғалиев биыл "Қолжетімді баспана" мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыс орталығында 11 көп пәтерлі баспана немесе 26 887 шаршы метр баспана пайдалануға берілетінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, облыс орталығында бүгінгі таңда төрт 30 пәтерлі үйдің құрылысы жүруде, оның алаңы 8524 шаршы метр. Көкшетауда ағымдағы жылы 300 орындық №17 мектептің құрылысы мен 264 орындық № 3 мектептің қайта жөнделуі аяқталады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда қалада 240 орындық екі балабақшаның құрылысы жүруде. Жастар орталығын қалпына келтіру үшін республикалық бюджеттен 126 млн теңге бөлінді. Қазір құрылыс-сметалық жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылы Көкшетау қаласының автожолдарын жөндеуге 1,1 млрд теңге бөлінді. Оған 132 500 шаршы метр жол жөнделмек.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны