26.12.2006, 18:10 2962

Қолданыстағы заңға түзету енгізу арқалы ғана тізгіні оң жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салуға болады - бас прокуратура

АСТАНА. 26-желтоқсан. Kazakhstan Today. Қолданыстағы заңға түзету енгізу арқалы ғана тізгіні жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салуға болады, деп санайды республиканың бас прокуратурасындағылар.

"Сіздің меншігіңізді пайдалануға Қазақстан Республикасының заңынан басқа ешкім тыйым сала алмайды. Бізде айналымнан шығарылған тауарлар бар, бізде айналымнан шығарылған заттар бар, олар заңдарда көрсетілген. Ал, онда тізгіні оң жақтағы көліктерді пайдалануға тыйым салынбаған, ондай заңды енгізу үшін ол парламент арқылы өтуі керек", - деп хабарлады бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында бас прокуратураның мемлекеттік органдар қызметінің заңдылығын қадағалау жөніндегі департаментінің бастығы Андрей Кравченко.

Ешкім мұндай көліктерді пайдалану құқығынан қожайындарын айырған жоқ. "Бүгін мұндай көлік иелерінің оларды пайдалануына болатындығы туралы шешім қабылданды, бүгін ешкім оларды аталмыш құқығынан айыра алмайды", - деді журналистердің сұрақтарына жауап берген бас прокрордың орынбасары Ілияс Бақтыбаев. "Қазір жүріп жүрген машиналар жүре береді, пайдалануда болады", - деп қосты ол.

"Изірге, пайдалануға тыйым салу туралы ешбір нормативтік қаулы қабылданған жоқ, тапсырма (президенттің қауіпсіздік кеңесінде берген тапсырмасы) талқылануда... Бұл мәселе әзірге құқықтық тұрғыда реттелген жоқ", - деді бас прокурордың орынбасары.

"Меніңше, жеке меншік өз иесін қанағаттандырып тұрса, техникалық пайдалану нормаларына сай болып тұрғанда ол өз иесінің билігінде болуға тиіс. Сіздер жыл сайын арнайы органдарда техникалық тексеруден өтіп тұрасыздар, және олар талаптарға сай болса, пайдалануда қала береді", - деді ол.

"Ирине, техникалық сипаттамаларға сай болмаған жағдайда сіздерден бұл көлікті қайта жабдықтауды талап етуі мүмкін, себебі, осыған байланысты сіздер техникалық тексеруден өтпейсіздер", - деді ол. "Қазір оң тізгінді көліктерге қатысты нақты осындай параметрлер жоқ, ал егер де ондай параметрлер пайда болса, сіздерге әрине, қайта жабдықта деген талап қойылады",- деп қосты ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны