28.12.2016, 18:45 4511

Коллекторлық агенттіктер банктердіӊ 928 мыӊ борышкерінен берешекті өндіріп алу процессін жүргізуде

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ ағымдағы жылғы соӊғы жалпы отырысы өтті,- деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі. Онда халық қалаулылары "Коллекторлық қызмет туралы" және оған ілеспе заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ ағымдағы жылғы соӊғы жалпы отырысы өтті,- деп хабарлайды Мәжіліс аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Онда халық қалаулылары "Коллекторлық қызмет туралы" және оған ілеспе заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. 2012 жылы Елбасы тәуекелдер контракциясын тәуелсіз бағалау институттарын және коллекторлық агенттіктерді одан әрі дамыту тұжырымдамасын бекітті. Онда азаматтардыӊ құқықтарын қорғау үшін коллекторлық қызметті мемлекет тарапынан реттеу белгіленген. Алайда, баяндамашы Ұлттық Банкі төрағасы Данияр Ақышевтыӊ айтуынша ол осы уақытқа дейін әлі жасалған жоқ. Коллекторлық компаниялар біраз уақыттан бері жұмыс істеп келе жатса да, олардыӊ қызметі заӊмен реттелмейді және мемлекет тарапынан бақыланбайды. Қазіргі кездіӊ өзінде шамамен 60 компания банктермен жасасқан шарттар негізінде берешекті өндіріп жатыр. Банктердіӊ 928 мыӊ борышкері коллекторлық агенттіктердіӊ өндіріп алу процесінде. Халықтыӊ несиелік борышы өте жоғары. Сондықтан, ұсынылып отырған заӊ жобасы коллекторлық қызметтер нарығын дамыту, борышкерлер мен кредиторлардыӊ құқықтары мен мүдделерін қорғау, коллекторлық агенттіктер қызметініӊ ашықтығын күшейту, берешегін өндіріп алу бойынша жұмыста тиімділікті және қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді. Осы бағытта Ұлттық Банк заӊ жобасыныӊ нормаларын жүзеге асыруға және заӊ жобасы қабылданған сәттен бастап Қазақстан азаматтарын әлеуметтік қолдауды және коллекторлық агенттіктерді бақылауды жедел қолға алуға дайын. Осы күні экологиялық мәселелерге түзетулерге байланысты заӊ жобасы да депутаттар қолдауына ие болды. Ол Қазақстан Республикасыныӊ қолданыстағы экологиялық заӊнамасын жетілдіру және құқық қолдану практикасы процесінде анықталған құқықтық коллизияларды жою мақсатында әзірленген. Сондай-ақ заӊ жобасында экологиялық кодекстіӊ кейбір нормаларын қолданысқа енгізудіӊ бірыӊғай мерзімін белгілеу ұсынылады. Жалпы отырыста Мәжіліс депутаттары Ресеймен "Байқоӊыр" ғарыш айлағынан ұшыру кезінде тасымалдағыш зымырандардан бөлінетін бөліктердіӊ құлау ауданы ретінде Қазақстан аумағындағы жер учаскесін беру және пайдалану шарттары туралы үкіметаралық келісімді ратификациялауға қатысты заӊ жобасы бойынша жұмысты жалғастыру жөнінде қаулы қабылдады. Айта кетейік, күн тәртібіне Мәжіліс депутаты Мұхтар Тінікеевтіӊ өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе енгізіліп, депутаттық корпус тарапынан қолдау тапты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны