30.09.2016, 15:43 6735

Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы 500 мыӊнан астам еуроны құрайды

ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдыӊ 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астанада өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аса халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда

Астана.30 қыркүйек. Kazakhstan Today - Астанада "Астана-ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қызметкерлері еліміздіӊ кәсіпкерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерініӊ қатысуымен кездесу өткізді, деп хабарлады Ұлттық компания.

Ұлттық компанияныӊ коммерциялау департаменті директорыныӊ орынбасары Илья Уразаков "ЭКСПО-2017 Көрмесініӊ коммерциялық сервистері" бағдарламасымен таныстырды.

"Астана ЭКСПО-2017" көрмесін өткізу аясында: дәріханалар, төлем сервистері, ҚР бойынша турлар ұйымдастыру қызметтері, баспахана, өндірістік, жөндеу қызметтері, ұйымдастырушылық техниканы жалға беру, фото және бейне түсірілімдер, жөндеу қызметтері, автокөлікті жалға беру, аударма қызметтері, ателье, заӊ қызметтері, консалтингілік қызметтер (бухгалтерлік) және т.б. сынды коммерциялық қызметтерге ықтымал орындаушыларды іздеу бойынша байқау ұйымдастыруда.

Ұлттық компанияныӊ коммерциялау департаменті жүргізген талдау нәтижесі бойынша, бүгінгі таӊда көрме шеӊберінде көрсетілетін 25-30 коммерциялық сервис бар. Ирбір пункт бойынша 3-6 компанияларды іріктеу жоспарлануда. Бұл сервистерді қамтамасыз ететін қызметкерлер саны - 5-10 мыӊды құрайды. Коммерциялық сервистер бойынша ЭКСПО табысы 500 мыӊнан астам еуроны құрайды деп болжануда.

"Іріктеу рәсімі қарапайым және ашық. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ қазірдіӊ өзінде құжаттарды қабылдай бастайды. Алдын ала қарау және құжаттаманы талдағаннан кейін біз сіздерді комиссияға шақырамыз, онда компания өкілдері презентация жасайды. Іріктеу екі критерий бойынша жүргізіледі: бірінші - компанияны, оныӊ жұмыс тәжірибесін бағалау және екіншісі - кәсібилігі" - деді Коммерциялау департаменті директорыныӊ орынбасары.

Барлық қалаған тұлғалар қажетті құжаттамамен ұлттық компания сайтында жақын уақытта таныса алады.

ЭКСПО Халықаралық мамандандырылған көрмесі 2017 жылдыӊ 10 маусымынан бастап 10 қыркүйегіне дейінгі аралықта Астанада өтеді. Оған 100 ел, 10-нан аса халықаралық ұйым, инновациялық технологиялар саласындағы 10 көшбасшы компания қатысады деп жоспарлануда. Жалпы алғанда, көрмеге 2 миллионнан аса қонақ келеді деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны