31.08.2010, 15:23 7535

Конституция - біздің мемлекеттігіміздің алтын тірегі - ҚР президенті

Конституция - біздің мемлекеттігіміздің алтын тірегі. Бұл туралы кеше Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған әскерлер шеруін аша отырып мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

Алматы. 31 - тамыз. Kazakhstan Today - Конституция - біздің мемлекеттігіміздің алтын тірегі. Бұл туралы кеше Президент - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына арналған әскерлер шеруін аша отырып мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ресми БАҚ сілтеме жасай отырып.

"Конституция - халықтың бірлігін бекітіп берді, қазақ жерінде ортақ тарихи тағдыры тоқайласқан барлық этнос азаматтарын біріктірді. Бірыңғай жалпыұлттық еріктіліктің пайда болуымен ол еліміз дамуының жасампаздық негізіне айналды. Осы жылдар ішінде біз заманауи мемлекет ретінде Қазақстанды құруда үлкен прогреске қол жеткіздік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ол, Қазақстан тарихында осыған дейін де көптеген заңдардың қабылданғандығын тілге тиек ете келе, тек 15 жыл ғана бұрын өзіндік толық қанды Конституцияның қабылданғандығын атап өтті. Ол бүкіл халықтық талқылаудан өткен және де біздің мемлекетіміздің басты құжаты болып табылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны