06.03.2007, 16:01 3302

Қорғаныс министрі Қазақстанның Қарулы күштерін реформалау жөніндегі жаңа тұжырымдаманы таныстырады

АСТАНА. 6-наурыз. Kazakhstan Today. Қорғаныс министрі Қазақстанның Қарулы күштерін реформалау жөніндегі жаңа тұжырымдаманы таяу уақыттарда таныстырады. . Бұл туралы бүгін еліміздің қорғаныс министрі Даниал Ахметов қорғаныс министрлігінде Халықаралық әйелдер күніне орай әскери әйелдерді салтанатты қабылдау шарасында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бұл тұжырымдамада Қарулы күштерді жаңалауға бағытталған, Жоғарғы бас қолбасшы, президент Нұрсұлтан Назарбаевтың нақты тапсырмаларының негізінде дәйектелген күрделі құрылымдық өзгерістер қарастырылатын болады",- деді Д.Ахметов.

Министр Қарулы күштерді жаңалаудың бірнеше басым бағыттарын атады. Соның ішінде "ашық әрі ұғынықты әскери доктрина құру", "барлық әскери қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманғы саясаты", "қазіргі заманғы әскери білім беру саласын дамыту және әскерилердің кәсіби біліктілігін ұдайы шыңдап отыру" аталды.

Д.Ахметовтың айтуынша, реформалау тұжырымдамасында "қарулы күштерді қазіргі заманғы әскери технологиялар мен әлемдік инновацияларды ескеру негізінде трансформациялау көзделеді". Сонымен бірге, министрдің айтуынша, онда "мемлекеттің мүддесін көздейтін тепе-тең әрі жауапты сыртқы саяси бағыт-бағдарды одан әрі жүзеге асыру" межеленген.

"Қазақстанның қарулы күштерін трансформациялау туралы сөз қозғаған кезде біз бірінші кезекте армияның бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру туралы айтамыз. Соған сәйкес армия ең таңдаулы мамандар, ең озық қаржыландыру үшін, ең сапалы білім беру құқығы үшін, ең таңдаулы оқытушылар мен мамандарды қатарға тартуға бағытталған күреске, нарықтық процестерге міндетті түрде тартылмақ",- деді қорғаныс министрі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны