16.07.2012, 16:59 12131

Қорғаныс министрлігінің көшпелі Алқа отырысы өтті

Күн тәртібіне сәйкес бірінші жартыжылдықтағы жауынгерлік және жедел әзірліктің қорытындысы шығарылды. Искерлердің дайындығы және жауынгерлік әзірлік сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Қазақстан әскерінің қару-жарақ және әскери техникасын дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Қарулы Күштер басшылық құрамының әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары талқыланды.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Алматыда қорғаныс ведомствосының басшысы Иділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің көшпелі Алқа отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Күн тәртібіне сәйкес бірінші жартыжылдықтағы жауынгерлік және жедел әзірліктің қорытындысы шығарылды. Искерлердің дайындығы және жауынгерлік әзірлік сапасын арттыру мәселелері қарастырылды. Қазақстан әскерінің қару-жарақ және әскери техникасын дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Қарулы Күштер басшылық құрамының әскери тәртіп пен құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша жұмыстары талқыланды.

"Қарулы Күштердің басым тапсырмаларының бірі - әскерлердің жедел және жауынгерлік әзірлік көрсеткішін арттыру", - деп атап өтті Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков. "Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының бізге қойып отырған талабы да осы".

Министр Қазақстан әскері жауынгерлік әзірлікте негізгі салмақты жеке құрамның дайындығына арнайды деп атап өтті. Бірақ бұл санды арттыру деген сөз емес. Қазақстан әскеріндегі дайындық сапалық сипатқа ие болуы керек.

Бүгінгі таңда әскерлер әртүрлі әскери қимылдар театрындағы іс-қимылдармен оқытылуда. Жуырда ғана аяқталған "Шығыс", "Қаратау" оқу-жаттығулары жоғары деңгейде өткенін атап өткен дұрыс. Қазір мергендер жұбы мен арнайы мақсаттығы барлау топтарының "Алтын үкі" халықаралық жарысы өтуде.

Қарулы Күштерді техникалық жарақтандыру да жауынгерлік әзірлікпен тығыз байланысты.

Искери қызметшілерді әлеуметтік қамтамасыз ету мәселесі де барынша маңызға ие. Қазіргі уақытта "Искери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Заң жобасы жасалуда. Бұл құжаттың негізгі мақсаты - әскери қызметшілердің әлеуметтік қамтамасыз етілу жүйесін жетілдіру. Илеуметтік қамтамасыз ету көлемі қызмет жағдайына байланысты болады.

Алқа отырысында жұмылдыру күштерінің дайындығы да көтерілді. Бұл бағытта осымен екінші жыл белсенді жұмыстар жүргізіліп келеді.

- Мемлекет өзінің қауіпсіздігі мақсатында жұмылдыру органының қалыптасқан жүйесін иелену керек, - деді Министр. - Жұмылдыру жүйесі дағдарыс жағдайында Қарулы Күштер қатарын дайындалған мамандармен толықтыруға әзір болу қажет.

Қарулы Күштердің басшылық құрамы сержанттар құрамы жұмысын күшейту және олардың жауапкершілігін арттыру мәселелерін де көтерді. Сержанттар офицерлер мен жеке құрамды байланыстырып тұратын буын екені баршаға аян. Өткен жылы қараша айында, биыл мамыр айында Гвардейск гарнизонында Қарулы Күштердің сержанттар құрамымен нұсқаулық-әдістемелік жиындар өткізілді. Жиында басшылық құрам бұл секілді іс-шараларды тұрақты түрде өткізіп тұру туралы байламға келді.

Алқа отырысында әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету жоғары деңгейде болу керектігі айтылды.

Қорғаныс министрлігі өз тарапынан Алматы, Астана қалаларында заманауи медициналық кешендер тұрғызуда.

Қазіргі таңда әскери оқу орындарына курсанттар іріктелуде. Бұл жерде медициналық комисисия басты рөл ойнауы керек. Бұл мәселе үш айдан соң басталатын әскерге шақыру кампаниясына да қатысты.

- Бүгін біздің қызметімізді одан әрі жетілдіре түсеуге септігін тигізетін әңгіме болды деп ойлаймын,- деді Қорғаныс министрі. - Сіздер жауынгерлік оқу, әскери тәртіп жағдайы қару-жарақ пен әскери техниканың әзірлігі, бір сөзбен айтқанда Қарулы Күштердің жауынгерлік қабілетін айқындайтын шешімдер қабылдайтындарыңызға сенімдімін.

Алқа отырысын жапқан Қорғаныс министрі Иділбек Жақсыбеков әрбір лауазымды тұлға екінші жартыжылдықта Қарулы Күштердің алдында тұрған тапсырмаларды шешуге лайықты үлес қоса беретіне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны