06.09.2016, 14:36 3999

"Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығыныӊ президенті 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқан жерінде ұсталды

Тергеу "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығыныӊ президенті В.Нидіӊ халықаралық орталық аумағында 5-класты қонақүй кешенін салу жөнінде ЖШС-ті жеӊімпаз деп деп танығаны үшін оныӊ өкілінен 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғанын анықтады.

Астана. 6 қыркүйек. Kazakhstan Today - Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюро "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығыныӊ президенті В.Ниді 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алып жатқан жерінде ұстады, деп хабарлады ведомсмтвоныӊ баспасөз қызметі.

Тергеу "Қорғас" халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығыныӊ президенті В.Нидіӊ бопсалау жолымен өзіне бағынышты инвесторлармен жұмыс жөніндегі бөлім жетекшісі М.Сайдуллаев арқылы "Қорғас-Тюльпан" ЖШС-ға қатысты инвестициялық тендер нәтижелерін оӊ шешкені, атап айтқанда халықаралық орталық аумағында 5-класты қонақүй кешенін салу жөнінде осы ЖШС-ны жеӊімпаз деп деп танығаны үшін оныӊ өкілінен 1 млн. АҚШ доллары мөлшерінде пара алғанын анықтады.

Қазіргі кезде В.Ни ҚР ҚПК 128-бабы негізінде ұсталды.

Сот алдындағы тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны