30.04.2014, 22:05 6887

ҚОСРМ мен БҰҰ ДБ медицина қалдықтарын қауіпсіз басқарудың біріккен жобасын іске қосты

ҚР Денсаулық министрлігінің талабы бойынша жұқпалы қалдықтарды қарапайым қоқыс жәшіктерге тастауға тыйым салынған. Сондықтан да оларды өртеп жібереді. Алайда, қауіпті қалдықтардың көзін дәл осылай жою атмосфераға жоғары уландырғыш заттардың шығарылуына әкеліп соғады. Осылайша экологиялық ахуал күн санап нашарлайды.

Алматы. 30 сәуір. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ҚР Қоршаған орта және су ресурстары министрлігі, БҰҰ Даму бағдарламасы мен жаһандық экологиялық қордың органикалық ластануды тоқтату бойынша Стокгольм Конвенциясының міндеттемелерін орындаудың Ұлттық жоспарын жаңарту мен медициналық қалдықтарды тиімді пайдалануға бағытталған өзара біріккен жобасы іске қосылды.

"Ел үшін қоршаған ортаны қорғау стратегиялық міндеттеме болып табылады. Экономиканың барлық саласына әсер ететін шешімдер мен нәтижелер елге әлеуметтік және саяси тұрғыда да ықпал етпек. Үкіметтің жұмыстары экологиялық ортаны жақсарту мен табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды арттыру үшін құқықтық институциялық және экономикалық шарттарды құруға бағытталған", - дейді ведомствоның жауапты хатшысы А.Дерновой.

Оның айтуынша, Қазақстан үшін сынапты қолдану мәселесі әлі де болса шешімін таппай тұр.

"Өткен жылы министрліктің бастамасымен құрылған "Жасыл даму" АҚ аясында биылғы жылдан бастап Қарағанды облысына сынап қалдықтарын тиімді пайдалану жобасы іске асырылып жатыр. Аталмыш жұмысты енді Қостанай облысында да жалғастыру көзделіп отыр", - дейді жауапты хатшы.

Сонымен қатар, оның айутынша, үшінші міндеттеме - медициналық құрал қондырғылардан шығатын сынап пен өзге де қалдықтарды барынша азайту. "Аталмыш мәселені тез арада шешу керек", - дейді ол.

Жалпы, медициналық қалдықтарды басқару туралы жоба осы саладағы олқылықтардың орнын толтырып, кедергілерді алып тастайды. Оның үстіне, Минамата тұжырымдамасын ратификациялау үшін дайындық жұмыстары болмақ. Сонымен қатар, ол ҚР-да медициналық қалдықтарды басқару үшін қолжетімді әрі қолдануға болатын қауіпсіз техниканы таңдауға мүмкіндік береді.

Өз кезегінде, БҰҰ ДБ Қазақстандағы өкілі Екатерина Паниклова жобаның аймақтық саясатпен байланысты болуының маңыздылығын атап өтті.

"Біздің Шығыс Қазақстан, Қызылорда мен Маңғыстау облыстарында жобаларымыз бар. Оларды жүзеге асыру үшін біз тікелей әкімдіктермен жұмыс істеудеміз", - деп ол толықтырып өтті.

Медициналық мекемелердің статистикасына сәйкес жылына 20 мың тоннадан астам медициналық қалдықтар жиналады. Оның үстіне олардың басым бөлігі аса қауіптілер санатына жатқызылған.

ҚР Денсаулық министрлігінің талабы бойынша жұқпалы қалдықтарды қарапайым қоқыс жәшіктерге тастауға тыйым салынған. Сондықтан да оларды өртеп жібереді. Алайда, қауіпті қалдықтардың көзін дәл осылай жою атмосфераға жоғары уландырғыш заттардың шығарылуына әкеліп соғады. Осылайша экологиялық ахуал күн санап нашарлайды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны