25.02.2008, 18:40 2855

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп санауда

Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп санауда

Қостанай. 25-ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай әкімінің бұрынғы орынбасарын сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп санауда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Қостанай қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Халимжан Ержанов 2007 жылы жарнама таратушыларға кәсіпкерлік қызметті іске асыруға берілетін 291 рұқсатқа қол қойған және заңсыз берген. Бұл деректер прокурорлық тексерулер нәтижесінде анықталды", - деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.

"Қазақстан Республикасының "Жарнама туралы" заңына сәйкес елдімекендердегі сыртқы жарнама объектілерін орнатуға рұқсатты облыстың жергілікті атқару органдары, яғни, облыс әкімшілігі беруі керек. Алайда, Қостанайда мұндай рұқсаттарды тек қала әкімінің орынбасары ғана беріп отырған", - деп хабарлады облыс прокуратурасының баспасөз хатшысы Лилия Мороз.

Прокуратура бұрынғы әкімнің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының "Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" заңының 12-бабының аясына жататын сыбайлас жемқорлық әрекеті ретінде бағалаған.

Тексеру нәтижесі бойынша қала әкімінің атына заң бұзылған жағдайларды қалпына келтіру және заңсыз берілген шешімдердің күшін жою туралы ұсыныс енгізілді.

Сонымен бірге, жарнама қызметін ұсынатын жеке және заңды тұлғалардан жер телімдерін жалға алғаны үшін төленбеген соманы бюджет қоржынына қайтарып алу жөніндегі мәселені шешу тапсырылды.

Қазір Х. Ержанов Қазақстан Республикасы Ұлттық футбол лигасының президенті болып қызмет атқарады. Ол Қостанай қалалық әкімшілігінен бұрынғы әкім Жеңіс Нұрғалиевтың облыс әкімшілігіне ауысуынан кейін кеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны