22.07.2014, 19:51 2824

Қостанай облысы қаржы поициясы мемлекеттік сатып алу саласында 24 жемқорлық қылмысын анықтады

Қостанай облыстық қаржы полициясы департаменті биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 24 жемқорлық қылмысын анықтады.

Алматы. 22 шілде. Kazakhstan today. Қостанай облыстық қаржы полициясы департаменті биылғы жылдың 6 айында мемлекеттік сатып алу саласы бойынша 24 жемқорлық қылмысын анықтады. Бұл жалпы тіркелген қылмыстардың (барлығы 84 қылмыс) үштен біріне тең, - деп хабарлайды ҚР Жемқорлық және экономикалық қылмысқа қарсы күрес агенттігі.

Департамент бөлімінің басшысы Бауыржан Қазкеновтың айтуынша, құнды ұсыныстарды күн сайын мониторингтен өткізу нәтижесінде мемлекеттік сатып алу порталында биылғы жылдың бірінші жартысында облыстық қаржы полициясы қызметкерлері тарапынан 60 млн теңгенің бюджеттік қаражатын тиімсіз пайдалану жағдайының алды алынды. Сонымен қатар мемлекеттік мекемелерге негізсіз бағаны көтеру деректерін жоюдың 23 дерегі бағытталды.

"Мысалға, облыстық психиатриялық аурухана мен облыстық туберкулезге қарсы диспансерде 1,5 млн және 1,4 млн теңгенің сиыр етін сатып алудағы негізсіз баға көтеру дерегі анықталды. ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің ҚК 161/4 Мекемесінде құны 5,2 млн теңгенің тауарын нарықтағы бағасынан әлдеқайда қымбатқа сатып алу жағдайы анықталған", - дейді.

Мемлекеттік сатып алу туралы заңның ең көп бұзылған жағдайы білім беру саласына тиесілі. Облыстық басқармаға департамент тарапынан 30 млн теңгенің қылмысын жою туралы 6 ұсыныс келіп түскен.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны