31.10.2007, 10:52 3224

Қостанай облысында 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген

Қостанай облысында 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген.

Қостанай. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысының аумақтық ішкі істер бөлімінде 74 мыңнан астам шетелдік азаматтар мен азаматтығы жоқ тұлғалар тіркелген. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қостанай облысының аумағындағы көші-қон жағдайы уақытша келген шетелдік азаматтар санының өсуімен сипатталады",- деп хабарлады Қостанай облысының Ішкі істер департаментінің көші-қон полициясы басқармасының бастығы, полиция полковнигі Жеңіс Омаров.

Баспасөз қызметінің ақпарттарына сүйенсек, шетелдіктердің басым бөлігін Ресей мен Өзбекстан азаматтары құрайды. Қазақстан Республикасының аумағына келу ережесін бұзғаны үшін 3 мыңнан астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылып, 419 адам ел аумағынан шығарылған. Көші-қон заңы көбінесе Өзбекстан азаматтары тарапынан бұзылады.

Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күштерін тартудың заңдылығы мәселесіне қатысты заңды және жеке тұлғаларды тексеру барысында 56 заң бұзушылықты анықтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны