19.03.2009, 18:28 3721

Қостанай облысында парақорлыққа делдал болған адам айыпталуда

Қостанай облысында парақорлыққа делдал болған адам айыпталуда

Астана. 19 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облысында парақорлыққа делдал болған адам айыпталуда, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес агенттігінің агенттіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қостанай облысында бір азамат парақорлыққа делдал болғаны үшін айыпталуда. Бұл адам Рудный қаласының жер қатынастары бөлімінің бастығы мен арызданушының арасында делдал болып, соңғыдан жер учаскесін алу үшін 900 мың теңге ақша алып жер қатынастары бөлімінің бастығына берген. Екеуі де ақша алу үстінде ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр. Пара алушы тұтқындалды, ал делдалға қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

"Пара алушылар тікелей пара алу кезіндегі жауапкершілікті болдырмау мақсатында делдалдарды пайдаланады. Кей жағдайларда делдалдар өз әрекеттерінің қаншалықты заңға қайшы екенін түсінбейді",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны