05.09.2006, 15:31 2465

Қостанай облысында шекарашылар 1,7 млн. Ресей рублін декларацияда көрсетпей алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

АЛМАТЫ. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қостанай облысында "Қайрақ -авто" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылары 1,7 млн. Ресей рублін декларацияда көрсетпей алып өтуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, ақша Ресейдің екі азаматынан жүк көлігін тексерген кезде шықты.

Сонымен бірге "Бақты" бақылау-өткізу бөлімінің шекарашылары жасағы кедендік бақылау қызметімен бірлесе көліктер мен жүктерді тексерген кезде Қытайға бет алған "КамАЗ" автокөлігінің жүргізушісін ұстады. Автокөліктің тіркемесінен күнделікті тұтыным тауарлары салынған екі бума шықты. Контрабандалық жүктің бағасы 1 млн. 621 мың 858 теңгені құрады.

Бұған қоса шекарашылар есірткілік заттарды тасымалдауға жасалған әрекетке тосқауыл қойды. Мәселен, "Желқуар" шекаралық бақылау бөлімінің жасағы Қазақстаннан Ресейге шыға берісте РФ азаматынан өсімдік текті заты бар 0,5 литрлік пластик бөтелкелерді тәркіледі. Алдын-ала мәлімет бойынша, жалпы салмағы 1 килограмға жуық зат марихуана болып шықты.

Сонымен бірге Таразда "Қайнар" заставасының шекарашылар жасағы төлқұжат режиміне тексеру жүргізген кезде Қазақстаннан Қырғызстанға бет алған осы елдің азаматы ұсталды. Тексеру кезінде одан салмағы 4 килограмм сұрғылт-жасыл түсті зат - қарақурай - марихуана табылды.

20-тамыз бен 3-қыркүйек аралығында Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекара мен шекара тәртібін бұзған 806 адамды ұстап, контрабандалық жүк алып өтуге жасалған 95, соның ішінде есірткі тасымалдауға жасалған 9 әрекетке тосқауыл қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны