02.09.2009, 10:42 1912

Қостанай облысында табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау дерегін анықтады

Қостанай облысында табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау дерегін анықтады

Қостанай. 2 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қостанай облысында табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері заңсыз аң аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды Kazakhstan Today Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"29 тамызда Қостанай АІІБ табиғат қорғау полициясы бөлімінің қызметкерлері рейд шараларының барысында Жақсылық ауылынан үш шақырым жерден 47 жастағы жігіт айдаған ВАЗ-21213 көлігін ұстайды. Көлікті тексеру барысында тәртіп сақшылары атып алынған кекілік пен Қызыл кітапқа енгізілген безгелдек құсын табады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

ІІД мәліметінше, сонымен қатар, полиция қызметкерлері 12-ші калибрлі, "ИЖ-43М" маркалы және 12-ші калибрлі "МР-153" маркалы екі аңшы мылтығын тапты.

Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің заңсыз аң аулау жөніндегі 288-ші бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылып жатыр.

"Облыста күзгі аң аулау маусымы 5 қыркүйекте басталады. Оның қарсаңында біз аңдар мен құстарды заңсыз атып алудың алдын алу үшін рейдтік шараларды қолға алдық. Қазірдің өзінде табиғат қорғау заңнамасын бұзуға қатысты 8 оқиға анықталды", - деді Қостанай облыстық ІІД-нің табиғат қорғау полициясы бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Боранбай Айтқожин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны